Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Қазақстандықтарды Украинадан эвакуациялау: Атыраудан алғашқы рейс ұшып шықты

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан – Sputnik. Қазақстан азаматтарын Украинадан эвакуациялау жұмысы жалғасуда. Қазіргі таңда бірнеше автобус Польшаға жеткені белгілі. Одан кейін отандастар ұшақпен Қазақстанға жеткізіледі.
Украинадағы жағдайға байланысты Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі сыртқы істер министрлігімен, Қазақстанның Украинадағы және Польшадағы елшіліктерімен, сондай-ақ "Эйр Астана" әуе компаниясымен бірлесіп, Қазақстан азаматтары үшін Украинадан репатриациялық рейстер ұйымдастыру мәселесін пысықтады.
"28 ақпанда Қазақстан азаматтарын шығару бойынша КС 2203 бірінші рейсі Атырау қаласынан Катовице қаласына (Польша) Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 09:53-те ұшып кетті. Әуе кемесінің типі – А321, 179 адам сыяды", - делінген хабарламада.
Ұшақ Катовице қаласынан Атырауға бүгін, 28 ақпан Катовице уақытымен сағат 10:30-да қайтады деп жоспарланған.
Қазақстанның 80 азаматы Польшада эвакуациялық рейсті күтіп отыр- СІМ
Кеше, 27 ақпанда Қазақстанның сыртқы істер министрлігі 80 қазақстандық (бір автобус) Украинадан Польшаға өткенін мәлімдеді. Тағы 260 отандасымыз шекара бекетінде кезек күтіп тұр.
28 ақпан таңертең шекарада тұрған қазақстандықтар хабарлағандай, тағы екі автобус шекараны кесіп өткен.