НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан – Sputnik. Қазақстанның қорғаныс министрлігі қазақстандық әскери қызметшілердің Украинаға жөнелтіліп жатқаны туралы әлеуметтік желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды.
"Қазақстандық әскери қызметшілерді Украинаға немесе басқа елге жіберу туралы өтініш түскен жоқ, сәйкесінше, ондай мәселе қарастырылып жатқан жоқ", - делінген министрлік таратқан хабарламада.
Қорғаныс министрлігі бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындауға әскери контингент жіберу туралы шешімді парламент қабылдайтынын еске салды.
Ал парламентке ұсынысты президент енгізеді.