НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан – Sputnik. Ұлттық банк Қазақстан қор биржасымен бірлесіп теңге – АҚШ доллары валюталық жұбы бойынша сауда-саттық регламентін өзгерту туралы шешім қабылдады.
Атап айтқанда, валюталық сауда-саттық 28 ақпан күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 15.00-де ашылады.
Ұлттық банк бұл шаралар белгісіздіктің жоғары дәрежесі мен ел ішіндегі қаржылық тұрақтылыққа және валюта нарығына сыртқы геосаяси факторлар тарапынан қысымды мейлінше азайту қажеттігімен байланысты екенін мәлімдеді.
Сондай-ақ Ұлттық банк қор биржасымен бірлесіп, 28 ақпан сағат 15:00-ге дейін биржалық валюталық сауда-саттықты толығымен уақытша тоқтату туралы мәселені қарауы мүмкін.
Ведомство бұл шаралар уақытша екенін атап өтті.