НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан — Sputnik. KASE сауда-саттығының қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 495 теңгеге жетті.
Қазақстан қор биржасының басқарма төрағасының орынбасары Наталья Хорошевская сауда-саттықта ешқандай дүрлікпе байқалмағанын атап өтті.
Бүгін Ұлттық банк қор биржасымен бірлесіп, сағат 15:00-ге дейін биржалық валюталық сауда-саттықты тоқтатқан болатын. Түстен кейін сауда-саттық Франкфурт аукционы форматында өтті. 1 наурызда қандай форматта өтетіні әлі белгісіз.
Қазір "теңге – АҚШ доллары" бойынша сауда-саттық аяқталды. Қалған шетел валюталары бойынша сағат 17:00-ге дейін жалғасады.
2022 жылдың 25 ақпанымен салыстырғанда доллар 30 теңгеге жуық қымбаттады. Ол кезде орташа бағам 466,66 теңге шамасында болатын.