https://sputnik.kz/20220228/tenge-vitse-ministr-dollar-kenes-23158724.html
"Теңге нығаюы да мүмкін": Вице-министр доллар таппай жүргендерге кеңес берді
"Теңге нығаюы да мүмкін": Вице-министр доллар таппай жүргендерге кеңес берді
Sputnik Қазақстан
Тимур Жақсылықовтың пікірінше, шалт қимылдаудың қажеті жоқ 28.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-28T13:55+0500
2022-02-28T13:55+0500
2022-02-28T13:55+0500
доллар бағамы
теңге бағамы
https://sputnik.kz/img/1303/92/13039288_0:0:3066:1725_1920x0_80_0_0_4671ea90ba83f9a178cbb43dc738d4bf.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан — Sputnik. Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов "Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы құбылып тұр, қазақстандықтар не істеуі керек? деген сұраққа жауап берді.Туризмді дамытумәселесіне қатысты үкімет сағаты өткен мәжіліс кулуарында журналистер бүгінде әрбір қазақстандықты алаңдатып отырған сұрақты вице-министрге қойды.Оның пікірінше, қазір шыдамдылық қажет, өйткені үкімет инфляцияға қарсы шараларды қолға алып жатыр және теңге бағамы жылдам тұрақталуы мүмкін.Бірінші вице-министр сондай-ақ ұлттық валюта үшін белгілі бір тәуекелдердің әлі де сақталып отырғанын атап өтті. Бұл халықаралық жағдай мен Ресей рубліне байланысты."Әрине, бұл жағдай Қазақстан экономикасы мен теңге бағамына ықпал етеді. Бірақ Ұлттық банк қажетті шараларды қабылдады, өздеріңіз көріп отырсыздар. Меніңше бастапқыда қандай да бір алыпсатарлық реакция болады, кейін бағам тепе-теңдікті ұстайды", - деп толықтырды ол.Бұған дейін Ұлттық банк пен Қазақстан қор биржасы теңге-доллар валюта жұбы бойынша сауда-саттық ережесін өзгерткені хабарланды.Сондай-ақ Ұлттық банк қор биржасымен бірлесіп, 28 ақпан сағат 15:00-ге дейін биржалық валюталық сауда-саттықты толығымен уақытша тоқтату туралы мәселені қарауы мүмкін.Оқи отырыңыз: Қазақстан қор биржасы валюталық сауда-саттықты бүгін түске дейін тоқтатты
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1303/92/13039288_335:0:3066:2048_1920x0_80_0_0_bd883fd3f8b69919f76a150aa57bf093.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
доллар бағамы, теңге бағамы
доллар бағамы, теңге бағамы
"Теңге нығаюы да мүмкін": Вице-министр доллар таппай жүргендерге кеңес берді
Тимур Жақсылықовтың пікірінше, шалт қимылдаудың қажеті жоқ
НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан — Sputnik. Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов "Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы құбылып тұр, қазақстандықтар не істеуі керек? деген сұраққа жауап берді.
Туризмді дамытумәселесіне қатысты үкімет сағаты өткен мәжіліс кулуарында журналистер бүгінде әрбір қазақстандықты алаңдатып отырған сұрақты вице-министрге қойды.
"Менің жеке пікірім, шалт қимылдаудың қажеті жоқ. Оқиғаның даму барысын қадағалау керек. Қазір бағам құбылмалы болуы мүмкін, өйткені өздеріңіз білетін оқиғаның қалай өрбитінін ешкім болжай алмайды. Демек теңге бағамы түсуі де, нығаюы да мүмкін. Яғни асығып-аптығып қате әрекет жасамаған дұрыс", - деп жауап берді Жақсылықов.
Оның пікірінше, қазір шыдамдылық қажет, өйткені үкімет инфляцияға қарсы шараларды қолға алып жатыр және теңге бағамы жылдам тұрақталуы мүмкін.
Бірінші вице-министр сондай-ақ ұлттық валюта үшін белгілі бір тәуекелдердің әлі де сақталып отырғанын атап өтті. Бұл халықаралық жағдай мен Ресей рубліне байланысты.
"Әрине, бұл жағдай Қазақстан экономикасы мен теңге бағамына ықпал етеді. Бірақ Ұлттық банк қажетті шараларды қабылдады, өздеріңіз көріп отырсыздар. Меніңше бастапқыда қандай да бір алыпсатарлық реакция болады, кейін бағам тепе-теңдікті ұстайды", - деп толықтырды ол.
Бұған дейін Ұлттық банк пен Қазақстан қор биржасы теңге-доллар валюта жұбы бойынша сауда-саттық ережесін өзгерткені хабарланды.
Сондай-ақ Ұлттық банк қор биржасымен бірлесіп, 28 ақпан сағат 15:00-ге дейін биржалық валюталық сауда-саттықты толығымен уақытша тоқтату туралы мәселені қарауы мүмкін.