Қоғам

Тағы бір автобус қазақстандықтарды Киевтен Львовқа жеткізеді

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан — Sputnik. 28 ақпанда тағы бір эвакуациялық автобус Киевтен Львовқа аттанады, деп хабарлады Украинадағы Қазақстан елшілігі.
"28 ақпанда сағат 9:30-да (Киева уақыты бойынша) қазақстандық азаматтарды эвакуациялау үшін Украинадағы Қазақстан елшілігінен Львов қаласына автобус жөнелтіледі. Автобусқа 50 адам сыяды. Елшілік мекенжайы: Ю.Ильенко көшесі, 26, байланыс нөмірі: +38 (044) 483-15-96, +38 (067) 347-04-08 – моб", - деп хабарлады елшілік.
Елшілік соңғы ақпараттарды әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі парақшалардан қарап отыруды сұрайды.
Айта кетері, бұл Киевтен Львовқа жіберілетін алтыншы эвакуациялық рейс. Осы жерден қазақстандықтар Польшаға өтіп, Air Astana ұшағымен елге оралады.
Бұған дейін хабарланғандай, қазақстандықтар мінген тек бір автобус қана Польша шекарасын кесіп өткен. Шекара бекетінде автобустар кезекте 10-12 сағат тұруға мәжбүр.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Украинада қалған қазақстандық жүк көліктерінің жүргізушілері көмек сұрады