Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украина президенті жаппай мобилизация туралы қаулы қабылдады

Зеленский жоғары басқолбасшы міндетін мойнына жүктеді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. Украина президенті Владимир Зеленский 90 күн ішінде Украинада жаппай мобилизация өткізу туралы қаулы қабылдады, деп жазды РИА Новости.
Қаулыға сәйкес, 90 күн ішінде мобилизация Винницк, Волынск, Днепропетровск, Донецк, Житомир, Закарпат, Запорожье, Ивано-Франков, Киев, Кировоград, Луганск, Львовск, Николаевск, Одесса, Полтава, Ровенск, Сумск, Тернополь, Харьков, Херсонск, Хмельницк, Черкасск, Черновицк, Черниговск облыстары мен Киев қаласында жүргізіледі.
Сонымен қатар Зеленский жоғары басқолбасшы міндетін мойнына жүктеді.
Украина президенті соңғы мәліметтер бойынша, елдің 137 азаматы көз жұмғанын хабарлады. Оның оны офицер. 316 адам жарақат алды.

Украина мен Ресей қақтығысы

24 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин Владимир Путин ресейліктерге жолдауында Донбаста арнайы әскери операция өткізу туралы шешім қабылдағанын хабарлады.
"Қалыптасқан жағдай бізден шұғыл әрі батыл шешім қабылдауды қажет етеді. Донбастағы халықтық республикалар Ресейден көмек сұрады. Осыған байланысты БҰҰ жарғысының 51-бабы 7-бөліміне сәйкес, Федерация кеңесі санкциясымен және Федералдық жиналыста ратификацияланған ДХР және ЛХР-мен жасалған достық пен өзара қолдау туралы келісімді орындау үшін мен арнайы әскери операция өткізу туралы шешім қабылдадым", - деді Путин.
Украина президенті Владимир Зеленский ресейліктерге үндеу жасап, Ресей президентімен байланыса алмағынын, Украина соғысты қаламайтынын айтты.
"Бүгін мен Ресей Федерациясының президентімен телефон арқылы сөйлесуге бастамашы болдым. Нәтижесі – үнсіздік. Мұндай тыныштық Донбаста болуы керек еді. Сондықтан мен бүгін Ресейдің барлық азаматына қарата үндеу жасағым келеді. Президент ретінде емес, ресейліктерге Украина азаматы ретінде айтамын. Сіз бен бізді екі мың шақырымнан астам ортақ шекара бөліп тұр. Оның бойында қазір сіздердің әскер, 200 мыңға жуық сарбаз, мыңдаған әскери көлік тұр. Сіздердің басшылық олардың басқа елдің аумағына жақындауын мақұлдады. Бұл қадам Еуропа континентіндегі үлкен соғыстың басы болуы мүмкін", - деді Владимир Зеленский.
24 ақпанда таңертең Киев, Краматорск, Одесса, Харьков, Бердянск, сондай-ақ Борисполь әуежайында жарылыстар естілгені туралы айтылды.
Болжам бойынша, Украина әскери күштерінің базаларына шабуыл жасалды.
Жергілікті БАҚ Киев тұрғындары шұғыл түрде астанадан кетіп жатқанын жазады.
Ресей Федерациясының қорғаныс министрлігі Украина қалаларына ешқандай соққы жасалмайтынын, қарапайым тұрғындарға қауіп төнбейтінін атап өтті.
Сол күні, яғни 24 ақпанда, Украина президенті Владимир Зеленский бүкіл ел аумағында соғыс жағдайы енгізілгенін хабарлады.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Қазақстанның Украинаға қатысты ұстанымы қандай болады – сарапшы пікірі