НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан — Sputnik. Қазақстанның ішкі нарығында қаңтар айының қорытындысы бойынша бір тонна көмір 14,8 мың теңгеге дейін қымтаттады. Өсім бр жылда - 9,8%, деп хабарлады EnergyProm Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Бағаның ең жоғары жылдық өсімі (Атырау және Маңғыстау облыстарын қоспағанда) Шығыс Қазақстан (жылына 22,2%-ке), Жамбыл (14,9%-ке) және Ақмола облыстарында (14,5%-ке). Ал өзгелермен салыстырғанда баға ең аз өскен өңір - Солтүстік Қазақстан облысы (3,2%).
Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында баға өзгерген жоқ. Көмірдің тоннасы Таразда 20,1 мың теңгеге сатылуда, Семейде 11,4 мың теңге. Бұл ең арзан саналады.
Былтыр көмір бағасы 5,2%-ке, ал 2020 жылы — 3,3%-ке өскен болатын.
"Биыл қаңтарда Қазақстанның көмір өндіруші компаниялары 10,1 миллион тонна тас көмір, лигнит және көмір концентратын алды. Бұл өткен жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 3,8%-ке аз. Өндіру көлемі бойынша әдеттегідей Павлодар облысы алда тұр: 6,3 миллион тонна, жылына минус 3%. Екінші және үшінші орында Қарағанды (2,9 миллион тонна) және Шығыс Қазақстан облысы (854,2 мың тонна)", - делінген ақпаратта.
Өндірістің басым бөлігі, яғни барлық көлемнің 89,8%-і тас көмірге тиесілі. Биыл қаңтарда 9,1 миллион тонна өндірілді.
Қазақстан көмірге деген ішкі сұранысты толықтай қамтамасыз етіп отыр. Экспортқа да айтарлықтай көлем кетеді. Былтыр Қазақстаннан экспортқа 500,1 миллион доллар сомасына 29,2 миллион тонна көмір жөнелтілген.
Қазақстандық көмір ТМД елдерінде үлкен сұранысқа ие. Мәселен, өткен жылы 392,6 миллион долларға 23,2 милион тонна көмір жөнелтілді. Экспорттың жалпы көлемінің 65,1%-і Ресейге жіберілді. Одан кейін тізімде Беларусь және Қырғызстан.
ТМД-ға кірмейтін елдерге Қазақстан 107,5 миллион АҚШ долларына алты миллион тонна көмір экспорттады. Бұл тізімде Швейцария көш бастап тұр: 4,8 миллион тонна.