Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Путин Украинамен келіссөз жүргізуге дайын – Кремль

Ресей президенті Украина тарапымен келіссөз жүргізу үшін Минскіге делегация жіберуге келісті
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Владимир Путиннің Минскіге украиналық тараппен келіссөз жүргізу үшін делегация жіберуге дайын екенін хабарлады, деп жазды РИА Новости.
Оның айтуынша, ресейлік делегация құрамында қорғаныс министрлігі, сыртқы істер министрлігі және Кремль әкімшілігінің өкілдері болады.
"Зеленский Украинаның бейтарап статусын талқылауға дайын екенін мәлімдеді. Бастапқыда Ресей президенті Владимир Путин операцияның мақсаты ЛХР мен ДХР-ға көмектесу, соның ішінде Украинаны демилитаризация және денацификация жасау арқылы көмектесу екенін айтты. Ал бұл, шын мәнінде, бейтарап статустың ажырамас бөлігі болып саналады", - деп түсіндірді ол.
Беларусь президенті Александр Лукашенко Путинге Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер үшін және келіссөзге қатысушылардың қауіпсіздігі үшін барлық жағдайды жасауға дайын екенін жеткізді, деді Песков.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Зеленский Путинді келіссөз жүргізуге шақырды