Фото

Әлемдегі ғажайып ғимараттардың бірі: Дубайда болашақ музейі ашылды

Дубайда ерекше музей ашылды. Ұйымдастырушылардың пікірінше, музейдегі негізгі экспонат идея болуы керек.
Sputnik
Бұл музейге кіру билеттері сатылымға шықты, музей ғимараты да ерекше, бірден көзге түседі.
Музей ашылмай тұрып-ақ бұл ғимарат көпшіліктің назарына ілікті. Жарнама роликтерінде ғимараттың төбесі ашылып, арнайы алаңға ғарыш кемесін қондырады.
Бұл видео желіде қызу талқыланды, көпшілік музейдің ашылуын күтті. Дубайдағы музейдің ашылу салтанатына шақыртуды нағыз "Темір адам" таратты.
Музейдегі негізгі экспонат – болашақ, ол туралы толығырақ фотолентадан көре аласыздар.
1 / 14

Дубай билігі биіктігі 77 метр болатын бұл сәулет құрылысы болашақты зерттеу, жобалау үшін аймақтағы ең үлкен алаң болатынын айтты.

2 / 14

Музей болашақтың нақты жол картасын ұсынады, соның арқасында көпшілік болашақ экономика, даму, ғылыми және гуманитарлық мүмкіндіктерді пайдалана алады.

3 / 14

Болашақ музейі семинар, диалог және форум өткізетін ғалымдарды, технологтарды біріктіреді.

4 / 14

Аумағы 30 000 шаршы метр жеті қабатты ғимарат жаңа жаһандық зияткерлік орталық болып табылады.

5 / 14

Фотода ғалымдар арасында бірлескен инновацияларды дамытуға, оларды күрделі мәселелерге қатысты стандарттан тыс шешім шығаруға шабыттандыруға және аймақта және одан тыс жерлерде ғылыми жаңалықтардың жаңа дәуірін ынталандыруға арналған зертхана көрсетілген.

6 / 14

Музей маңызды ғылыми жаңалықтар мен үдерістер жарыққа шығатын білім мен зерттеу ордасы болмақ.

7 / 14

Болашақ музейінде 1 000-нан астам адам сиятын көпфункционалды зал, сондай-ақ 345-тен астам адамға арналған интерактивті дәрістер мен семинарларға арналған арнайы зал бар.

8 / 14

Болашақ музейі БАӘ құрылғанына ғасыр толатын 2071 жылға саяхат жасауға мүмкіндік береді.

9 / 14

Ғимараттың ойып жазылған жазуына арнайы технологиямен әзірленген әйнек пайдаланылды. Ол ішкі жарықтандыру мен сыртқы жылудың енуін қамтамасыз етеді.

10 / 14

Болашақ музейі үш негізгі элементтен тұрады: ғимарат көтерілген төбе, ғимараттың сыртқы дизайны және музей экспозициясы.

11 / 14

Болашақ музейінің алдынғы жағы 14 000 метр жарық жолдарымен жарықтандырылған және шейх Мұхаммед поэзиясынан алынған дәйексөздер араб каллиграфиясымен жазылған.

12 / 14

Музей адамзат, қалалар, қоғам және жердегі өмірдің болашағына қатысты көптеген сұраққа жауап беру үшін виртуалды және жаңа технология, үлкен деректерді талдауды, жасанды интеллект пен адам мен машинаның өзара әрекеттесуін қолданады.

13 / 14

Музейде денсаулық сақтау, білім беру, ақылды қалалар, энергетика және көлік саласындағы инновациялық зертханалар бар.

14 / 14

Дубайда бұл осындағы ең әдемі ғимарат деп аталады. Қазір туристерге арналған визаларда оның силуэті бар.