https://sputnik.kz/20220225/dubay-muzeyi-foto-23109428.html
Әлемдегі ғажайып ғимараттардың бірі: Дубайда болашақ музейі ашылды
Әлемдегі ғажайып ғимараттардың бірі: Дубайда болашақ музейі ашылды
Sputnik Қазақстан
Дубайда ерекше музей ашылды. Ұйымдастырушылардың пікірінше, музейдегі негізгі экспонат идея болуы керек. 25.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-25T16:29+0500
2022-02-25T16:29+0500
2022-02-25T16:29+0500
фото
дубай
музей
https://sputnik.kz/img/07e6/02/17/23020726_0:215:2877:1833_1920x0_80_0_0_9c1b5c5003e319aaeea894ffe7a87299.jpg
Бұл музейге кіру билеттері сатылымға шықты, музей ғимараты да ерекше, бірден көзге түседі.Музей ашылмай тұрып-ақ бұл ғимарат көпшіліктің назарына ілікті. Жарнама роликтерінде ғимараттың төбесі ашылып, арнайы алаңға ғарыш кемесін қондырады.Бұл видео желіде қызу талқыланды, көпшілік музейдің ашылуын күтті. Дубайдағы музейдің ашылу салтанатына шақыртуды нағыз "Темір адам" таратты.Музейдегі негізгі экспонат – болашақ, ол туралы толығырақ фотолентадан көре аласыздар.
дубай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/17/23020726_72:0:2803:2048_1920x0_80_0_0_a8abca11955caa78bc2a246b7b020739.jpg Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дубай, музей, фото
Әлемдегі ғажайып ғимараттардың бірі: Дубайда болашақ музейі ашылды Дубайда ерекше музей ашылды. Ұйымдастырушылардың пікірінше, музейдегі негізгі экспонат идея болуы керек.
Бұл музейге кіру билеттері сатылымға шықты, музей ғимараты да ерекше, бірден көзге түседі.
Музей ашылмай тұрып-ақ бұл ғимарат көпшіліктің назарына ілікті. Жарнама роликтерінде ғимараттың төбесі ашылып, арнайы алаңға ғарыш кемесін қондырады.
Бұл видео желіде қызу талқыланды, көпшілік музейдің ашылуын күтті. Дубайдағы музейдің ашылу салтанатына шақыртуды нағыз "Темір адам" таратты.
Музейдегі негізгі экспонат – болашақ, ол туралы толығырақ фотолентадан көре аласыздар.
© REUTERS / Dubai Future Foundation Дубай билігі биіктігі 77 метр болатын бұл сәулет құрылысы болашақты зерттеу, жобалау үшін аймақтағы ең үлкен алаң болатынын айтты.
Дубай билігі биіктігі 77 метр болатын бұл сәулет құрылысы болашақты зерттеу, жобалау үшін аймақтағы ең үлкен алаң болатынын айтты.
© REUTERS / Dubai Future Foundation Музей болашақтың нақты жол картасын ұсынады, соның арқасында көпшілік болашақ экономика, даму, ғылыми және гуманитарлық мүмкіндіктерді пайдалана алады.
Музей болашақтың нақты жол картасын ұсынады, соның арқасында көпшілік болашақ экономика, даму, ғылыми және гуманитарлық мүмкіндіктерді пайдалана алады.
© REUTERS / Dubai Future Foundation Болашақ музейі семинар, диалог және форум өткізетін ғалымдарды, технологтарды біріктіреді.
Болашақ музейі семинар, диалог және форум өткізетін ғалымдарды, технологтарды біріктіреді.
© REUTERS / Dubai Future Foundation Аумағы 30 000 шаршы метр жеті қабатты ғимарат жаңа жаһандық зияткерлік орталық болып табылады.
Аумағы 30 000 шаршы метр жеті қабатты ғимарат жаңа жаһандық зияткерлік орталық болып табылады.
© REUTERS / Dubai Future Foundation Фотода ғалымдар арасында бірлескен инновацияларды дамытуға, оларды күрделі мәселелерге қатысты стандарттан тыс шешім шығаруға шабыттандыруға және аймақта және одан тыс жерлерде ғылыми жаңалықтардың жаңа дәуірін ынталандыруға арналған зертхана көрсетілген.
Фотода ғалымдар арасында бірлескен инновацияларды дамытуға, оларды күрделі мәселелерге қатысты стандарттан тыс шешім шығаруға шабыттандыруға және аймақта және одан тыс жерлерде ғылыми жаңалықтардың жаңа дәуірін ынталандыруға арналған зертхана көрсетілген.
© REUTERS / Dubai Future Foundation Музей маңызды ғылыми жаңалықтар мен үдерістер жарыққа шығатын білім мен зерттеу ордасы болмақ.
Музей маңызды ғылыми жаңалықтар мен үдерістер жарыққа шығатын білім мен зерттеу ордасы болмақ.
© REUTERS / Dubai Future Foundation Болашақ музейінде 1 000-нан астам адам сиятын көпфункционалды зал, сондай-ақ 345-тен астам адамға арналған интерактивті дәрістер мен семинарларға арналған арнайы зал бар.
Болашақ музейінде 1 000-нан астам адам сиятын көпфункционалды зал, сондай-ақ 345-тен астам адамға арналған интерактивті дәрістер мен семинарларға арналған арнайы зал бар.
© REUTERS / Dubai Future Foundation Болашақ музейі БАӘ құрылғанына ғасыр толатын 2071 жылға саяхат жасауға мүмкіндік береді.
Болашақ музейі БАӘ құрылғанына ғасыр толатын 2071 жылға саяхат жасауға мүмкіндік береді.
© REUTERS / Dubai Future Foundation Ғимараттың ойып жазылған жазуына арнайы технологиямен әзірленген әйнек пайдаланылды. Ол ішкі жарықтандыру мен сыртқы жылудың енуін қамтамасыз етеді.
Ғимараттың ойып жазылған жазуына арнайы технологиямен әзірленген әйнек пайдаланылды. Ол ішкі жарықтандыру мен сыртқы жылудың енуін қамтамасыз етеді.
© REUTERS / Dubai Future Foundation Болашақ музейі үш негізгі элементтен тұрады: ғимарат көтерілген төбе, ғимараттың сыртқы дизайны және музей экспозициясы.
Болашақ музейі үш негізгі элементтен тұрады: ғимарат көтерілген төбе, ғимараттың сыртқы дизайны және музей экспозициясы.
© REUTERS / Dubai Future Foundation Болашақ музейінің алдынғы жағы 14 000 метр жарық жолдарымен жарықтандырылған және шейх Мұхаммед поэзиясынан алынған дәйексөздер араб каллиграфиясымен жазылған.
Болашақ музейінің алдынғы жағы 14 000 метр жарық жолдарымен жарықтандырылған және шейх Мұхаммед поэзиясынан алынған дәйексөздер араб каллиграфиясымен жазылған.
© REUTERS / Dubai Future Foundation Музей адамзат, қалалар, қоғам және жердегі өмірдің болашағына қатысты көптеген сұраққа жауап беру үшін виртуалды және жаңа технология, үлкен деректерді талдауды, жасанды интеллект пен адам мен машинаның өзара әрекеттесуін қолданады.
Музей адамзат, қалалар, қоғам және жердегі өмірдің болашағына қатысты көптеген сұраққа жауап беру үшін виртуалды және жаңа технология, үлкен деректерді талдауды, жасанды интеллект пен адам мен машинаның өзара әрекеттесуін қолданады.
© REUTERS / Dubai Future Foundation Музейде денсаулық сақтау, білім беру, ақылды қалалар, энергетика және көлік саласындағы инновациялық зертханалар бар.
Музейде денсаулық сақтау, білім беру, ақылды қалалар, энергетика және көлік саласындағы инновациялық зертханалар бар.
© REUTERS / Dubai Future Foundation Дубайда бұл осындағы ең әдемі ғимарат деп аталады. Қазір туристерге арналған визаларда оның силуэті бар.
Дубайда бұл осындағы ең әдемі ғимарат деп аталады. Қазір туристерге арналған визаларда оның силуэті бар.