Өңірлер

Атырау облысында жоғалған бақташы өлі табылды

Полиция малшының денесін Сарытақыр учаскесінің жайылымынан тапты
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. 25 қаңтарда Жылыой ауданындағы Сарықасқа учаскесіндегі қыстақтан шығып, із-түссіз жоғалып кеткен 66 жастағы малшы өлі күйде табылды, деп хабарлады Ақжайық
Іздеу жұмыстарын құтқарушылар мен полиция қызметкерлері жүргізді. Олар малшының денесін Сарытақыр учаскесінің жайылымынан тапты
Зорлықпен өлтірілген белгілері жоқ. Қалың қар астында қалған малшы, далада адасып кетіп, үсіп өлген болу керек.
Естеріңізге сала кетейік, құтқарушыларға Жылыой ауданындағы ер адамның жоғалып кеткені туралы хабарлама 12 ақпанда келіп түскен.
"66 жастағы бақташы 27 қаңтарда Сарықасқа учаскесінен Құлсары қаласына қарай шығып, әлі күнге дейін қайта оралмаған. Іздестіру жұмыстары Үлкен төбе, Сарықасқа және Бекжал учаскелерінде жүргізілді", - деп хабарлады Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметінде.