Өңірлер

Атырау облысында бақташы жоғалып кетті

© SputnikВыпас баранов. Архивное фото - рекадр
Выпас баранов. Архивное фото - рекадр - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.02.2022
Жазылу
66 жастағы ер адам екі аптадан бері байланысқа шықпай отыр
НҰР-СҰЛТАН, 13 ақпан — Sputnik. Құтқарушыларға Жылыой ауданындағы ер адамның жоғалып кеткені туралы хабарлама 12 ақпанда келіп түскен.
"66 жастағы бақташы 27 қаңтарда Сарықасқа учаскесінен Құлсары қаласына қарай шығып, әлі күнге дейін қайта оралмаған. Іздестіру жұмыстары Үлкен төбе, Сарықасқа және Бекжал учаскелерінде жүргізілді", - деп хабарлады Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметінде.
Іздестіру жұмыстарына Атырау облысы ТЖД үш қызметкері мен бір техникасы, аудандық полиция бөлімінің төрт қызметкері мен бір жергілікті тұрғын қатысқан, деп жазды Mgorod.kz.
Жаңалықтар
0