Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украина қалаларына соққы жасалған жоқ - Ресей қорғаныс министрлігі

Ресей әскери күштері Украина армиясының әуе қорғанысын басып, авиациялық базаларды істен шығарғанын айтты
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан — Sputnik. Украина армиясының әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдары жойылып, Қарулы Күштердің авиациялық базаларының инфрақұрылымы істен шығарылды, деп хабарлайды РИА Новости Ресей қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Ресей әскери бөлімінің мәлімдемесіне сәйкес, Украинаның әскери шекара қызметтері "ешқандай қарсылық көрсетіп жатқан жоқ".
Ведомство Украина қалаларына ешқандай соққы жасалмайтынын, қарапайым тұрғындарға қауіп төнбейтінін атап өтті.
Сондай-ақ, Ресейдің қорғаныс министрлігі ресейлік ұшақ атып түсірілді дегенді жоққа шығарды. Шетелдік БАҚ-та осындай ақпарат тараған болатын.
Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин халыққа жолдауында Донбаста арнайы әскери операция өткізілетінін жариялаған болатын.
Ол Мәскеудің жоспары Украинаны оккупациялау емес, тек оның демилитаризациясы мен денацификациясы кіретінін атап өтті.
Экономика
Қазақстанда доллар бағамы 450 теңгеден асты: айырбастау пункттері сауданы тоқтатты