https://sputnik.kz/20220224/dollar-bagamy-ayyrbastau-punktteri-23051171.html
Қазақстанда доллар бағамы 450 теңгеден асты: айырбастау пункттері сауданы тоқтатты
Қазақстанда доллар бағамы 450 теңгеден асты: айырбастау пункттері сауданы тоқтатты
Sputnik Қазақстан
Кешеден бері Қазақстанда доллар бірден 15 теңгеге қымбаттады 24.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-24T11:11+0500
2022-02-24T11:11+0500
2022-02-24T11:14+0500
экономика
доллар
теңге
ақша айырбастау
https://sputnik.kz/img/1309/99/13099970_0:85:1620:996_1920x0_80_0_0_3d92d2a54c217231117e072b38d52e27.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан - Sputnik. Қазақстан қор биржасындағы (KASE) таңғы сауданың қорытындысы бойынша Қазақстанда доллар бағамы бір доллар үшін 452 теңгені құрады. Осылайша шетелдік валюта бірден 15 теңгеге қымбаттады. Бір күн бұрын, яғни 23 ақпанда сағат 17:00-дегі мәлімет бойынша Қазақстанда бір доллар құны 437 теңге болды. Kurs.kz сайтының хабарлауынша, Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау орындарының барлығында дерлік долларды сату уақытша тоқтатылды, еуро саудасының жағдайы да осындай. 1 долларды орташа есеппен 451,58 теңгеден сатып алып, 463 теңгеден сататын үш айырбастау пункті жұмыс істеп тұр. Алматыда ақша айырбастау орындарының көбі долларды сатып алуды және сатуды жалғастырып жатыр. Алайда он шақты айырбастау пункті сауданы тоқтатты. Мегаполисте бір доллар орта есеппен 458,53 теңгеден сатып алынып, 464,26 теңгеден сатылып жатыр. Алматы мен Нұр-Сұлтандағы кейбір ақша айырбастау нүктелерінде бір долларды 465 теңгеден сатып алуға болады. Алматыдағы ақша айырбастау орындарында еуро 503-505 теңгеден саудаланып жатыр. Ал Шымкентте бір доллар 444-449 теңгеден, еуро 498-502 теңгеден сатылып жатыр.Бұған дейін Ұлттық банк кезектен тыс шешім шығарып, базалық ставканы 10,25 проценттен 13,5 процентке өсіргенін хабарлаған болатынбыз.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1309/99/13099970_90:0:1530:1080_1920x0_80_0_0_bb6134f6ed72fc92f3adfa3cb9faba2a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
доллар, теңге, ақша айырбастау
доллар, теңге, ақша айырбастау
Қазақстанда доллар бағамы 450 теңгеден асты: айырбастау пункттері сауданы тоқтатты
11:11 24.02.2022 (жаңартылды: 11:14 24.02.2022) Кешеден бері Қазақстанда доллар бірден 15 теңгеге қымбаттады
НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан - Sputnik. Қазақстан қор биржасындағы (KASE) таңғы сауданың қорытындысы бойынша Қазақстанда доллар бағамы бір доллар үшін 452 теңгені құрады.
Осылайша шетелдік валюта бірден 15 теңгеге қымбаттады. Бір күн бұрын, яғни 23 ақпанда сағат 17:00-дегі мәлімет бойынша Қазақстанда бір доллар құны 437 теңге болды.
Kurs.kz сайтының хабарлауынша, Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау орындарының барлығында дерлік долларды сату уақытша тоқтатылды, еуро саудасының жағдайы да осындай.
1 долларды орташа есеппен 451,58 теңгеден сатып алып, 463 теңгеден сататын үш айырбастау пункті жұмыс істеп тұр.
Алматыда ақша айырбастау орындарының көбі долларды сатып алуды және сатуды жалғастырып жатыр.
Алайда он шақты айырбастау пункті сауданы тоқтатты.
Мегаполисте бір доллар орта есеппен 458,53 теңгеден сатып алынып, 464,26 теңгеден сатылып жатыр.
Алматы мен Нұр-Сұлтандағы кейбір ақша айырбастау нүктелерінде бір долларды 465 теңгеден сатып алуға болады.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында еуро 503-505 теңгеден саудаланып жатыр. Ал Шымкентте бір доллар 444-449 теңгеден, еуро 498-502 теңгеден сатылып жатыр.
Бұған дейін Ұлттық банк кезектен тыс шешім шығарып, базалық ставканы
10,25 проценттен 13,5 процентке өсіргенін хабарлаған болатынбыз.