Саясат

Ресейдің премьер-министрі Қазақстанға келді

Мишустиннің Қазақстанға сапары Ресейдің Украинаға қатысты жариялаған әскери операциясы аясында өтеді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан — Sputnik. Ресей премьер-Министрі Михаил Мишустин Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысу үшін Нұр-Сұлтан қаласына келді.
ЕАЭО үкіметаралық кеңесінің кезекті отырысы 24-25 ақпанда өтеді. Отырыста Ресей, Армения, Беларусь, Қазақстан және Қырғызстан үкіметтерінің басшылары Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде интеграцияны тереңдету міндеттерін талқылайды.
Мишустиннің Қазақстанға сапары Ресейдің Украинаға қатысты жариялаған әскери операция аясында өтуде. Бейсенбі таңертең Ресей президенті Владимир Путин Украинаға қатысты арнайы әскери операция туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.
Ол ресейліктерге: "бұл жағдай бізден шешуші және жедел әрекеттерді талап етеді, Донбасс Халық республикалары көмек сұрап Ресейге жүгінді", - деді.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Қазақстанның Украинаға қатысты ұстанымы қандай болады – сарапшы пікірі
Ресейдің қорғаныс министрлігі Украина армиясының әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдары жойылып, Қарулы Күштердің авиациялық базаларының инфрақұрылымы істен шығарылғанын хабарлады.
Ведомство Украина қалаларына ешқандай соққы жасалмайтынын, қарапайым тұрғындарға қауіп төнбейтінін мәлімдеген болатын.
Ресей әскери бөлімінің мәлімдемесіне сәйкес, Украинаның әскери шекара қызметтері "ешқандай қарсылық танытып жатқан жоқ".