https://sputnik.kz/20220224/resey-premer-ministri-qazaqstan-23065509.html
Ресейдің премьер-министрі Қазақстанға келді
Ресейдің премьер-министрі Қазақстанға келді
Sputnik Қазақстан
Мишустиннің Қазақстанға сапары Ресейдің Украинаға қатысты жариялаған әскери операциясы аясында өтеді 24.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-24T16:10+0500
2022-02-24T16:10+0500
2022-02-24T16:20+0500
саясат
ресей
премьер-министр
https://sputnik.kz/img/1270/89/12708999_0:148:3115:1900_1920x0_80_0_0_4ff0c51145ef0d40be1db6503198b702.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан — Sputnik. Ресей премьер-Министрі Михаил Мишустин Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысу үшін Нұр-Сұлтан қаласына келді.ЕАЭО үкіметаралық кеңесінің кезекті отырысы 24-25 ақпанда өтеді. Отырыста Ресей, Армения, Беларусь, Қазақстан және Қырғызстан үкіметтерінің басшылары Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде интеграцияны тереңдету міндеттерін талқылайды.Мишустиннің Қазақстанға сапары Ресейдің Украинаға қатысты жариялаған әскери операция аясында өтуде. Бейсенбі таңертең Ресей президенті Владимир Путин Украинаға қатысты арнайы әскери операция туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Ол ресейліктерге: "бұл жағдай бізден шешуші және жедел әрекеттерді талап етеді, Донбасс Халық республикалары көмек сұрап Ресейге жүгінді", - деді.Ресейдің қорғаныс министрлігі Украина армиясының әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдары жойылып, Қарулы Күштердің авиациялық базаларының инфрақұрылымы істен шығарылғанын хабарлады.Ведомство Украина қалаларына ешқандай соққы жасалмайтынын, қарапайым тұрғындарға қауіп төнбейтінін мәлімдеген болатын.Ресей әскери бөлімінің мәлімдемесіне сәйкес, Украинаның әскери шекара қызметтері "ешқандай қарсылық танытып жатқан жоқ".
https://sputnik.kz/20220224/qazaqstan-ukraina-ustanym-23064054.html
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1270/89/12708999_193:0:2922:2047_1920x0_80_0_0_61d147a97e0f074b07c1f76b4b3858e6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей россия премьер-министр қазақстан казахстан михаил мишустин
ресей россия премьер-министр қазақстан казахстан михаил мишустин
Ресейдің премьер-министрі Қазақстанға келді
16:10 24.02.2022 (жаңартылды: 16:20 24.02.2022) Мишустиннің Қазақстанға сапары Ресейдің Украинаға қатысты жариялаған әскери операциясы аясында өтеді
НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан — Sputnik. Ресей премьер-Министрі Михаил Мишустин Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысу үшін Нұр-Сұлтан қаласына келді.
ЕАЭО үкіметаралық кеңесінің кезекті отырысы 24-25 ақпанда өтеді. Отырыста Ресей, Армения, Беларусь, Қазақстан және Қырғызстан үкіметтерінің басшылары Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде интеграцияны тереңдету міндеттерін талқылайды.
Мишустиннің Қазақстанға сапары Ресейдің Украинаға қатысты жариялаған әскери операция аясында өтуде. Бейсенбі таңертең Ресей президенті Владимир Путин Украинаға қатысты арнайы әскери операция туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.
Ол ресейліктерге: "бұл жағдай бізден шешуші және жедел әрекеттерді талап етеді, Донбасс Халық республикалары көмек сұрап Ресейге жүгінді", - деді.
Ресейдің қорғаныс министрлігі Украина армиясының әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдары жойылып, Қарулы Күштердің авиациялық базаларының инфрақұрылымы істен шығарылғанын хабарлады.
Ведомство Украина қалаларына ешқандай соққы жасалмайтынын, қарапайым тұрғындарға қауіп төнбейтінін мәлімдеген болатын.
Ресей әскери бөлімінің мәлімдемесіне сәйкес, Украинаның әскери шекара қызметтері "ешқандай қарсылық танытып жатқан жоқ".