НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан – Sputnik. Қазақстан Украинадағы жағдай бойынша көпвекторлы саясатты сақтап қалуға тырысады. Бұл туралы ҚР президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясына қарасты дипломатия институтының профессоры Таисия Мармонтова айтты.
"Дәл қазір Қазақстанның санкцияларға қатысты әрекеті қандай болатынын, кімге және қалай қолдау жасайтынын айту қиын. Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтуі керек. Сол жерде шешім қабылданады", - деді Мармонтова Sputnik Қазақстанның мультимедиялық баспасөз орталығында өткен бейнекөпір кезінде.
ҚР президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясына қарасты дипломатия институтының профессоры Таисия Мармонтова
© Sputnik / Владислав Воднев
Сарапшының айтуынша, Қазақстанның сыртқы саясат тұжырымдамасында Ресейге бірінші кезекте басымдық көрсетілген.
"Демек, біздің қарым-қатынасымыздың тереңдігі, кеңдігі мен ерекшелігі еш өзгермейді. Екінші мәселе - қолдау немесе қолдамау...Бірнеше тарап бар, алдымен, ДХР мен ЛХР-ды тану – ол ресейлік басшылықтың таңдауы. Ал көпвекторлы сыртқы саясатымызды ескерсек, біз шиеленіске қатысушы тараптардың бәрінен бірдей алшақ болып қалатындай ұстанымды сақтауға тырысамыз", - деп атап көрсетті Мармонтова.