Экономика

Қазақстан қор биржасы сауданы кейінге қалдырды: теңге бағамы қандай

Доллар 446-449 теңгеден, еуро 498-500 теңгеден сатылып жатыр
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан - Sputnik. Қазақстан қор биржасы (KASE) техникалық себептерге байланысты KASE қор нарығындағы сауда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 12.00-де ашылатынын хабарлады. Әдетте сауда сағат 11:00-де басталатын.
Kurs.kz сайтының мәліметі бойынша, Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында доллар 446-449 теңгеден сатылса, еуро 498-500 теңгеден айырбасталып жатыр.
Алматыдағы жағдай да осындай – бір долларды 446-450 теңгеден сатып алуға болады.
Алматының ақша айырбастау орындарында еуро 503-505 теңге тұрады. Шымкентте бір доллар 444-449 теңге, ал бір еуро 498-502 теңгеден сатылып жатыр.
Экономика
Украинадағы жағдай теңгеге қалай әсер етті – Ұлттық банк жауабы