Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Байден Украинадағы жағдайға байланысты АҚШ халқына үндеу жасайды

АҚШ президенті НАТО-дағы одақтастарымен өз әрекеттерін үйлестіруге уәде берді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан — Sputnik. АҚШ президенті Джо Байден бейсенбіде Украинадағы жағдайға қатысты одан әрі жасалатын қадамдарды жариялады.

"Ертең G7 бойынша әріптестеріммен кездесу өткіземін. Содан кейін АҚШ пен біздің одақтастарымыз Ресейге қатысты қолданатын шаралар туралы Америка халқына үндеу жолдаймын. Ресей Украинаға, жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қарсы негізсіз агрессиясы танытып отыр", - деп жазылған Байден мәлімдемесінде.

Бұл мәлімдемені Ақ үй Ресей президенті Владимир Путин Донбаста әскери операция басталғанын жариялағаннан кейін таратты. АҚШ президенті "Ресейдің альянсқа қарсы кез келген агрессиясына тосқауыл бола алатын бірлескен жауап қайтару үшін" өз іс-қимылын Вашингтонның НАТО бойынша одақтастарымен үйлестіретінін айтты, деп жазды РИА Новости.
"Әлем Ресейден жауап алады", - деді ол.
АҚШ президенті Джо Байден Украинаға "ақтауға келмейтін" шабуыл жасалғанын мәлімдеді.
Еске сала кетері, Ресей президенті Владимир Путин 24 ақпанда ресейліктерге арнайы үндеуінде Донбаста арнайы әскери операция туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.
Путин Украинаны оккупациялау Ресейдің жоспарларына кірмейтінін атап өтті. Оның айтуынша, Ресей Украинаны демилитаризациялауға тырысады.