НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан — Sputnik. "QazaqGaz" ҰК" АҚ директорлар кеңесінің құрамы өзгерді, деп хабарлады ұлттық компания.
"Әділбек Жақсыбеков, Қайрат Шәріпбаев және Мәлік Сәулебайдың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды", - делінген хабарламада.
"QazaqGaz" директорлар кеңесінің мүшелері, "Самұрық-Қазына" мүдделерінің өкілдері болып Ернат Бердіғұлов пен Николай Казутин сайланған.
Ернат Бердіғұлов "QazaqGaz" директорлар кеңесінің төрағасы болғаны айтылды.
Енгізілген өзгерістерге сәйкес, директорлар кеңесі төрт адамнан тұрады: Ернат Бердіғұлов, Юрий Казутин, Айрат Нұрғазиев және Серік Жаманбалин.
"ҚазТрансГаз" ұлттық компаниясы былтыр QazaqGaz болып өзгертілген болатын.