Қоғам

Футбол федерациясы президентін сайлау: Жақсыбеков қатысудан бас тартты

© Photo : пресс-служба КФФАдильбек Джаксыбеков
Адильбек Джаксыбеков - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.02.2022
Жазылу
Әділбек Жақсыбеков Қазақстан футбол федерациясын 2018 жылдың ақпан айынан бастап басқарып келеді
НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан — Sputnik. Көп жылдар бойы Қазақстан футбол федерациясын басқарған Әділбек Жақсыбеков алдағы сайлау алдында өз кандидатурасын алып тастады.
"Комитет ҚФФ президенті сайлауына қауымдастық мүшелері ұсынған үміткерлердің құжаттарын қарады. Сайлау 2022 жылдың 28 ақпанында ҚФФ конференциясында өтеді. Сайлауға қатысудан бас тартуына байланысты ҚФФ президенті Әділбек Жақсыбеков кандидатурасы тіркелмеді", - делінген хабарламада.

Сайлауға тіркелген үміткерлер:

Барменқұлов Әділет Назарбайұлы – ҚФФ Атқару комитетінің мүшесі, "Қазақстан Футбол федерациясы" қауымдастығы" ЗТБ президентінің кеңесшісі;
Жарылқасынов Ерлан Еркінбекұлы – "Қазақстан әуесқой футбол лигасы" ҚБ төрағасы;
Қаниев Берік Сералыұлы – ҚФФ Атқару комитетінің мүшесі, "Lancaster Group Kazakhstan" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы;
Лория Давид Григорьевич – Нұр-Сұлтан қаласының Футбол федерациясы қауымдастығы ЗТБ президенті;
Оразбеков Қайрат Айтмолдаұлы – ҚФФ Атқару комитетінің мүшесі, "Қайрат" АФК президенті.
Әділбек Жақсыбеков Қазақстан футбол федерациясын 2018 жылдың ақпан айынан бастап басқарып келеді.Ол 2007-2014 жыл аралығында да федерация басшысы болды.
 Бауыржан Байбек - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Саясат
Бауыржан Байбек қызметінен босату туралы өтініш жазды
Жаңалықтар
0