Экономика

Зейнетақы қорындағы қаражат: жыл басынан бері салымшыларға 113 млрд төленді

Қазақстандықтардың зейнетақы жарналары шамамен 30 процентке өсті
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан – Sputnik.2022 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 13,1 триллион теңге зейнетақы жинағы бар, деп жазылған қордың сайтында.
"Зейнетақы жинақтарының негізгі бөлігі міндетті зейнетақы жарналары есебінен 12,7 триллион теңгені құрады. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша жинақтар 367,8 миллиард теңге, ерікті зейнетақы жарналары бойынша жинақтарының жалпы көлемі шамамен 1,7 миллиард теңге", - делінген хабарламада.
Былтырғы қаңтармен салыстырғанда салымшылар 30%-ке көп қаражат салған. 1 ақпанға дейін салымшылардың шоттарына шамамен 114,9 миллиард теңге зейнетақы жарналары түскен. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 26,1 миллиард теңгеге артық.
БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 11,7 миллионға жетті. Шоттардың ең көп мөлшері міндетті зейнетақы жарналары есебінен ашылған – 10 865 718 .

"Жыл басынан бері БЖЗҚ өз салымшыларына 113,2 миллиард теңге төледі. Оның басым бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту және емдеу мақсаттарына арналған біржолғы зейнетақы төлемдері құрайды – 97,0 миллиард теңге", - деп хабарлады қор.

Айта кетері, БЖЗҚ-дан төленетін ай сайынғы орташа төлем, яғни зейнет жасына толуына байланысты 29 200 теңге. Ал ай сайынғы ең көп төлем - 548 741 теңге.
Қоғам
Зейнетақы, жәрдемақы және күзет: Назарбаев пен оның отбасы қандай кепілдікке ие