https://sputnik.kz/20220223/zeynetaqy-qory-qarazhat-salymshylar-23015902.html
Зейнетақы қорындағы қаражат: жыл басынан бері салымшыларға 113 млрд төленді
Зейнетақы қорындағы қаражат: жыл басынан бері салымшыларға 113 млрд төленді
Sputnik Қазақстан
Қазақстандықтардың зейнетақы жарналары шамамен 30 процентке өсті 23.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-23T09:10+0500
2022-02-23T09:10+0500
2022-02-23T09:16+0500
экономика
зейнетақы қоры
https://sputnik.kz/img/639/76/6397616_0:0:1499:844_1920x0_80_0_0_1a15f89c4e32c279073b5fc7163ce170.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан – Sputnik.2022 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 13,1 триллион теңге зейнетақы жинағы бар, деп жазылған қордың сайтында."Зейнетақы жинақтарының негізгі бөлігі міндетті зейнетақы жарналары есебінен 12,7 триллион теңгені құрады. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша жинақтар 367,8 миллиард теңге, ерікті зейнетақы жарналары бойынша жинақтарының жалпы көлемі шамамен 1,7 миллиард теңге", - делінген хабарламада.Былтырғы қаңтармен салыстырғанда салымшылар 30%-ке көп қаражат салған. 1 ақпанға дейін салымшылардың шоттарына шамамен 114,9 миллиард теңге зейнетақы жарналары түскен. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 26,1 миллиард теңгеге артық.БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 11,7 миллионға жетті. Шоттардың ең көп мөлшері міндетті зейнетақы жарналары есебінен ашылған – 10 865 718 . Айта кетері, БЖЗҚ-дан төленетін ай сайынғы орташа төлем, яғни зейнет жасына толуына байланысты 29 200 теңге. Ал ай сайынғы ең көп төлем - 548 741 теңге.
https://sputnik.kz/20220118/Nazarbaev-otbasy-19164486.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/639/76/6397616_11:0:1344:1000_1920x0_80_0_0_5e0aa9abb1d0bde35c66c007290d8366.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бжзқ енпф зейнетақы пенсия пенсионные накопления снятие
бжзқ енпф зейнетақы пенсия пенсионные накопления снятие
Зейнетақы қорындағы қаражат: жыл басынан бері салымшыларға 113 млрд төленді
09:10 23.02.2022 (жаңартылды: 09:16 23.02.2022) Қазақстандықтардың зейнетақы жарналары шамамен 30 процентке өсті
НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан – Sputnik.2022 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 13,1 триллион теңге зейнетақы жинағы бар, деп жазылған қордың
сайтында.
"Зейнетақы жинақтарының негізгі бөлігі міндетті зейнетақы жарналары есебінен 12,7 триллион теңгені құрады. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша жинақтар 367,8 миллиард теңге, ерікті зейнетақы жарналары бойынша жинақтарының жалпы көлемі шамамен 1,7 миллиард теңге", - делінген хабарламада.
Былтырғы қаңтармен салыстырғанда салымшылар 30%-ке көп қаражат салған. 1 ақпанға дейін салымшылардың шоттарына шамамен 114,9 миллиард теңге зейнетақы жарналары түскен. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 26,1 миллиард теңгеге артық.
БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 11,7 миллионға жетті. Шоттардың ең көп мөлшері міндетті зейнетақы жарналары есебінен ашылған – 10 865 718 .
"Жыл басынан бері БЖЗҚ өз салымшыларына 113,2 миллиард теңге төледі. Оның басым бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту және емдеу мақсаттарына арналған біржолғы зейнетақы төлемдері құрайды – 97,0 миллиард теңге", - деп хабарлады қор.
Айта кетері, БЖЗҚ-дан төленетін ай сайынғы орташа төлем, яғни зейнет жасына толуына байланысты 29 200 теңге. Ал ай сайынғы ең көп төлем - 548 741 теңге.