Саясат

Nur Otan-ның кезектен тыс съезі онлайн форматта өтеді

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан – Sputnik. Nur Otan партиясының кезектен тыс XXII съезі онлайн форматта өтеді, деп хабарлады партияның баспасөз қызметі.
"Еліміздің барлық өңірінде саяси кеңестердің отырыстары өтіп, оның қорытындысы бойынша партияның кезектен тыс XXII съезіне 399 делегат сайланды", - деп хабарлады Nur Otan партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов.
Іс-шара барысында партия жұмысын одан әрі жаңғырту бойынша басымдықтарды талқылау жоспарланып отыр.
Съезд 1 наурызда өтеді.
Ақпан айының басында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясын жаңғырту жұмыстарын жеделдетуді тапсырған болатын.
Партия төрағасының айтуынша, ел азаматтарының талап-тілектеріне толық жауап беруі үшін партияны жүйелі түрде қайта құру қажет. Сондай-ақ партия заманауи сын-қатерлерге төтеп беруге және жедел әрекет етуге тиіс.
Қоғам
Nur Otan саяси кеңесі бюросының құрамына өзгерістер енгізілді