Әлем

Ресей президенті Украинадағы ахуалға қатысты үндеу жасады

РФ Қауіпсіздік кеңесінің ашық отырысы, Ресей президенті Владимир Путиннің үндеуі және Донецк пен Луганск халық республикаларымен келісімге қол қою арқылы оларды тану.
Sputnik
21 қаңтарда болған осы айтулы үш іс-шараның ішінде ең маңыздысы ресейлік президенттің үндеуі болды, деп жазды РИА Новости.
Путин өз іс-әрекетінің себебін түсіндіріп қана қоймай, Ресей деген ұғымға түсінік бере отырып, өз үндеуін ресейліктерге ғана емес, сондай-ақ Украинадағы орыстарға да арнады.
Бұл үндеу Донецк халық республикасы мен Луганск халық республикасын мойындау туралы болған жоқ. Бұл орыстардың Украинадағы оқиғаларға емес, жалпы Украинаға көзқарасы жайында үндеу болды.
"Ежелден бері тарихи оңтүстік-батыс көне орыс жеріндегі халық өздерін орыс және православ деп атады. Бұл осы аймақтың бір бөлігі Ресей мемлекетіне қосылатын XVII ғасырға дейін жалғасты. Қазіргі Украинаны толығымен Ресей, нақтырақ айтсам, большевиктік, коммунистік Ресей құрды. Бұл елдің шағын ресейлік (яғни, украин) бөлігіне ешқандай қатысы жоқ ресейлік қаражат есебінен жүзеге асырылды", - деді Путин.
Путин осы жаңа түзілістің 1991 жылы егемендік алуы осы елдің тәуелсіздік үшін күресінің нәтижесі емес, керісінше, Кеңес одағы коммунистік партиясы басшылығының шикі саясатының салдары екенін айтты.
Демократия мен жарқын болашақ туралы үстірт және популистік ұстанымдар алдымен ұлтшылдық және сепаратизм тудырып, кейіннен мемлекеттің құлдырауына алып келді. РФ президенті бүгінде егемендік алған осы ел Ресейге қысым көрсету құралы, Ресейге шабуыл жасау кезінде кәдеге жарайтын алдыңғы шептегі плацдарм ретінде қолданылуы мүмкін екенін айтты.
Ресей Украинаны атлантизациялауға кесімді түрде қарсы. Путин орыстардың Батыстан Шығысқа қарай кеңеймеуін талап етіп отырғанын кезекті рет айғақтады. Путин сегіз жыл бойғы майданнан кейінгі Украинадан бөлініп шыққан республикаларды мойындамай келді. Себебі ол Киев солармен бітімге келу үшін ішкі реформалар жүргізіп, өзінің "батыстық" бағытын өзгертеді деп үміттенді.
Видео
Путин ДХР және ЛХР тәуелсіздігін мойындады – видео
Бұл ақиқатқа айналуы екіталай үміт болғанымен, Мәскеу бәрібір Батыстың Украинадағы ресейлік мүддені тануына, оған бейтарап статус беруге келісуіне және украин жерін Ресейге қысым көрсету құралы ретінде пайдалануды тоқтатуына қол жеткізе алмады. Осы жылдар ішінде Донбасс ахуалы тым нашар сипатта болды. Өйткені танылмаған республикалардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы аса ауыр еді. Ресей оларға көмектескенімен, бұл жеткіліксіз еді.
Республикаларды ресми деңгейде мойындау Донбасты қалыпты өмірге қайтарады, Ресеймен етене байланыс орнату арқылы оның экономикасы қалпына келеді. Ресеймен арадағы татулық пен өзара көмек туралы келісімге қол қою қос республиканы украин арандатуынан қорғай алады.
"Киевтегі билікті басып алған және қолында ұстап тұрғандардан соғыс әрекетін тез арада тоқтатуды талап етеміз. Әйтпегенде, енді төгілетін қан үшін Украинадағы режим иелері жауапты болады", - деп ескертті Путин.
"Киевке Донбасс қажет емес. Ол 2015 жылы-ақ Донбасты Ресейге беруге дайын болды. Сондықтан республикаларды мойындау Украина үшін жағымды жаңалық болуы мүмкін. Украиндердің кейбірі ішкі қақтығыс басылған соң Украинаны НАТО-ға мүшелікке қабылдайды деп ойлап отыр. Қабылдамайды. Себебі Ресей елді альянсқа мүше етіп қабылдаудан бас тарту туралы Батыс алдына қойған талабынан бас тартқан жоқ. Ресей Украинаны НАТО-ға қабылдауға жол бермеуге нық бекініп отыр. Өйткені, Украина – бұл Ресей. Қазір батыстың ықпалында болғанымен, бұл Ресейдің бір бөлшегі. Орыс жерін Ресейге қауіп төндіру плацдармы ретінде қолдануға жол берілмейді. Батыс мұны елемей қоя алмайды", деп жазды ресейлік БАҚ.
Донецк пен Луганск халық республикаларын мойындауға қатысты қазір Батыс өткір реакция білдіретіні белгілі. Бірақ тым қатаң санкциялар қабылданбайды. Есесіне, "Донецк халық республикасы мен Луганск халық республикасының аумағын басып алу арқылы Ресей шабуылға дайындалып жатыр" деген сыңайлы жаңалық көбейеді. Өйткені Донецк пен Луганск облыстарының басым бөлігі Украина бақылауында жатыр. Бүгінде ДХР мен ЛХР аумағында өз қарулы күштерін орналастыру арқылы Донецк пен Луганскқа көмек көрсетуге кім кедергі бола алмақ?
"Ешкім және ештеңе кедергі болмайды. Сондықтан Ресей жазықсыз бауырлас халық азаматтарының қанын төкпейді. Бірақ Мәскеу Украинаны антиресейлік бағытта дамытуға тоқтау болады", - деп жазды РИА Новости.