НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан – Sputnik. Теңге бағамы долларға шаққанда күрт төмендеді. KASE биржасында орташа сараланған бағам 433,39 теңгені құрайды.
Қазақстандық KASE қор биржасының мәліметінше, бір тәулікке жетпейтін уақытта теңге долларға шаққанда екі теңгеге арзандаған. Егер таңертең доллардың орташа сараланған бағамы 431,06 теңгені құраса, күндіз 433,39 теңге болды.
Kurs.kz порталының ақпаратынша, Нұр-Сұлтанда долларды 438-441 теңгеге, Алматыда 440-441 теңгеге сатып алуға болады.
Теңге Brent маркалы мұнай бағасы өскен кезде әлсіреді. 2022 жылы 22 ақпанда мұнай құны барреліне 99,38 долларға жетті. Соңғы рет Brent маркалы мұнай бағасы 2014 жылы 99 доллардан жоғары болған еді.