Қоғам

Флешкасын жоғалтып алған: қазақстандық банкке 47 млн теңге қарыз екенін білді

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги в руках
Деньги в руках - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2022
Жазылу
Қазір құқық қорғау органдары алаяқтық схемасын кім ұйымдастырғанын анықтап жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан – Sputnik. Қызылорданың 50 жастағы тұрғыны Жанабай Махамбетов банктерге 47 миллион теңге берешек болып шықты. Бірақ ер адам кредиттік ұйымдардан өзі барып несие алмаған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Былтыр күзде Махамбетов флешкасын жоғалтып алған. Оның ішінде бүкіл жеке құжаты сақталыпты. Соның ішінде электронды цифрлық қолтаңба, шот реквизиттері мен жеке куәлігінің көшірмесі де бар.
"Флешканың жоғалғанын бірден байқаған жоқпын. Өйткені ол кезде сырқаттанып, әйеліммен ажырасқаннан кейін көңілім құлазып жүрген. Бір күні телефоныма әртүрлі банктен кредитке өтінім бердіңіз деген ондаған хабарлама түсті. Сол кезде "жеке мәліметтер қоймасы" жоғалғанын түсіндім", - дейді Жанабай Қамбарұлы.
Алайда Махамбетов бұл хабарламаларға мән бермеген. Банкке өзі барып, несиеге өтінім бермегендіктен, қателік шығар деп ойлаған.
Человек считает деньги  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.02.2022
Дерекқор
Клиент кредит шартына қол қоймай тұрып нені білуі керек – пайдалы кеңес
"Бірақ сол кезде маған біреулер хабарласты. Олар өздерін Қазақстан банктері қауымдастығы киберқауіпсіздік бойынша техникалық бөлім қызметкерлеріміз деп таныстырды. Өтінімді растауға көндіре бастады. Бұл бөтен адамның атынан банктерден кредит алатын алаяқтарды ұстау үшін қажет деп мәлімдеді", - дейді ер адам.
Махамбетов ойланып тұрғанда оны қорқыта бастаған.
"Сен құқық қорғау органдарына көмектесуден бас тартып жатырсың деп қысым көрсетті. Өтінімді растаған соң, банктер кредит береді, ал алаяқтар табылғаннан кейін несиенің бәрі жойылады деп уәде берді", - дейді Махамбетов.
Осылайша қызылордалық "қылмыскерлермен күресуге" көмектескен, алайда өзі алаяқтардың құрбаны болды.
"Артынан кредиттер менің мойнымда қалғанын түсіндім. Өтінімді растағаннан кейін банктер мен микроқаржы ұйымдарынан шотыма ақша түсті. Ал содан кейін ақша үшінші тұлғаларға, тіпті шетелге аударылды. Мен мүлде тиіскен жоқпын. Банктер қауымдастығына телефон шалып едім, олар мен жайлы да, арнайы операция туралы да естімеген", - дейді ол.
Банковские карты - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.02.2022
Экономика
Кредит төлей алмайтындарды құтқаратын заң әзірленді – негізгі талаптары қандай
Қазір Жанабай Махамбетов банктерге 47 миллион теңге қарыз.
"Мен полицияға арыздандым. Кредит төлеуді талап етіп отырған банктерге де мән-жайды түсіндіріп жаздым. Полиция аса ірі мөлшердегі алаяқтық бойынша іс қозғады. Бірақ еш нәтиже жоқ. Ал банктер үнемі хабарласады. Жалақы картамды бұғаттап тастады, қолымда мүлде ақша жоқ", - деп мұңын шақты қазақстандық.
Қызылорда тұрғыны ірі кәсіпорында қатардағы инженер болып істейді. Ай сайын 200 мың теңге табады.
Жаңалықтар
0