Қаңтар оқиғасы

Қаңтар оқиғасы туралы түсірілім алматылықтарды шошытты - әкімдік жауабы

Бұған дейін әлеуметтік желілерде түсірілім кезіндегі видео пайда болды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан — Sputnik. Алматыдағы қаңтар оқиғасы туралы видео түсірілім жергілікті шенеуніктердің рұқсатынсыз жүргізілген. Алматы әкімдігі осындай ақпарат берді.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде түсірілім кезіндегі видео пайда болды. Кадрларда қолына таяқ ұстап жүгірген адамдар көрінеді, оқ атқан дыбысқа ұқсас шу естіледі. Адамдар түсірілім жүріп жатқанын білмей қорқып кеткен.
"Оқ атқан сияқты болды, көлік өртенді. Сол маңнан өтіп бара жатқан адамдардың зәресі ұшты. Жүргізушілер оқиға орнынан кетуге асықты", – делінген жазбада.
Әкімдік қызметкерлері осы оқиғаға қатысты түсініктеме берді. 1 ақпанда Алматы әкімі мен Әуезов ауданы әкімінің атына "Cultburo" ЖШС-дан хат түскен. Олар "Хабар" телеарнасының тапсырысы бойынша 13 ақпанда қаңтар оқиғасы туралы түсірілім жүргізуге рұқсат сұраған.
"Қоғамдық даму басқармасының мамандары хат авторларына жағдайды түсіндірді. Түсірілімге рұқсат етілмейтінін хабарлады. Полиция департаменті де осындай жауап берген. Алайда бұған қарамастан, "Cultburo" ЖШС биыл 20 ақпанда рұқсатсыз түсірілім жүргізді", - деді әкімдікте.
Қаңтар оқиғасы
Қаңтар оқиғасы бойынша 52 адам сотталды – ІІМ