Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Қаңтар оқиғасы бойынша 52 адам сотталды – ІІМ

© REUTERS / OBTAINED BY REUTERSАлматыдағы митинг
Алматыдағы митинг  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.02.2022
Жазылу
Бұл істердің негізгі бөлігін ұрлық, қаруды заңсыз сақтау және ұрлау фактілері құрайды
НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан – Sputnik. Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов жаппай тәртіпсіздік бойынша 52 адам сотталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, ішкі істер органдарында қаңтар оқиғасы бойынша 107 күдіктіге қатысты қылмыстық істер айыптау актілерімен аяқталды. Бұл істердің негізгі бөлігін ұрлық, қаруды заңсыз сақтау және ұрлау фактілері құрайды.
"Сотқа 86 айыпталушы тапсырылды. Бүгінде еліміздің соты жеке басын және жасаған қылмыстың ауырлығын ескере отырып, 52 адамды соттады", - деді ол брифингте.
Соның ішінде 39 адамның бас бостандығы шектелсе, 13- і бас бостандығынан айырылды, ал екі іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды.
Бас прокуратура - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.02.2022
Қоғам
Бас прокуратура мәйітханадан серіктесінің денесін ұрлаған ер адам туралы айтты
Жаңалықтар
0