НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан — Sputnik. eGov электрондық үкімет порталына 22 ақпанда неке тіркеуге 800-ге жуық өтінім келіп түсті.
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Sputnik Қазақстан тілшісіне хабарлағандай, қазақстандықтар арасында ерекше дата төңірегіндегі дүрлікпе әлі де байқалады. Мәселен, 1 ақпанда неке тіркеуге небәрі 14 өтініш түскен.
"Әдемі" даталар әрдайым жас жұбайлар арасында сұранысқа ие. Мысалы, 2022 жылдың 1 ақпанында egov.kz порталы арқылы барлығы 14 өтінім түсті. Ал бүгін 779 өтінім жіберді", - деп атап өтті "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ PR басқармасының бастығы Әсем Исабекова.
2021 жылы eGov арқылы барлығы 198 567 өтінім түскен. Ал жыл басынан бері - 23 394.
Мистикалық күн симметриялы орналасқан сандарға байланысты мүмкіндіктер кезеңі деп аталады. Күн оңнан солға және солдан оңға қарай бірдей оқылады.
Нумерологтардың айтуынша, мұндай күн тілек тілеу үшін ең жақсы уақыт.