Қоғам

22.02.2022: қанша қазақстандық ерекше датада неке қиюға өтініш білдірді

© Photo : Pixabay / Mylene2401Алтын жүзік
Алтын жүзік - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.02.2022
Жазылу
Жыл басынан бері қазақстандықтар некені тіркеуге 23 мыңнан астам өтініш берген
НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан — Sputnik. eGov электрондық үкімет порталына 22 ақпанда неке тіркеуге 800-ге жуық өтінім келіп түсті.
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Sputnik Қазақстан тілшісіне хабарлағандай, қазақстандықтар арасында ерекше дата төңірегіндегі дүрлікпе әлі де байқалады. Мәселен, 1 ақпанда неке тіркеуге небәрі 14 өтініш түскен.
"Әдемі" даталар әрдайым жас жұбайлар арасында сұранысқа ие. Мысалы, 2022 жылдың 1 ақпанында egov.kz порталы арқылы барлығы 14 өтінім түсті. Ал бүгін 779 өтінім жіберді", - деп атап өтті "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ PR басқармасының бастығы Әсем Исабекова.
2021 жылы eGov арқылы барлығы 198 567 өтінім түскен. Ал жыл басынан бері - 23 394.
Мистикалық күн симметриялы орналасқан сандарға байланысты мүмкіндіктер кезеңі деп аталады. Күн оңнан солға және солдан оңға қарай бірдей оқылады.
Нумерологтардың айтуынша, мұндай күн тілек тілеу үшін ең жақсы уақыт.
Жаңажылдық шырша, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.12.2021
Қоғам
Барыс жылы қазақстандықтарды не күтіп тұр – нумеролог болжамы
Жаңалықтар
0