Оқиға

Ақтөбеде көлік ішінде өртеніп кеткен үш баланың әкесі де көз жұмды

46 жастағы отағасының сүйегінің сау-тамтығы қалмаған. Дәрігерлер оны аман алып қала алмады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан – Sputnik. Ақтөбеде көлік апаты кезінде тірідей өртеніп кеткен үш баланың әкесі де қайтыс болды.
46 жастағы отағасының сүйегінің сау-тамтығы қалмаған. Басынан да ауыр жарақат алған. Дәрігерлер оны аман алып қала алмады, деп хабарлады КТК.
"Жансақтау бөлімінде бүкіл емі жасалды. Соған қарамастан сегіз сағаттан соң науқас қайтыс болды. Марқұмды жақындары Алға ауданына алып кетіп, балаларымен бірге жерледі", - деді Ақтөбе облысы жедел жәрдем ауруханасының дәрігері Жандос Дербіс.
Лада-Ларгус көлігін тізгіндеген ол алдындағы машинаны басып озамын деп, қарсы келе жатқан жүк көлігімен түйіскен. Жол жиегіне аударылғанда көлігі өртеніп, үш баласы тірідей жанып кетті. Кішкентайы бір жаста. Қалған екеуі 13, 15 жаста. Апат кезінде әкесі көліктің терезесінен сыртқа ұшып түскен.
Оқиға
Ақтөбе облысында үш бала көлік ішінде өртеніп кетті