Оқиға

Ақтөбе облысында үш бала көлік ішінде өртеніп кетті

© Sputnik / Анатолий УстиненкоЖанып жатқан көлік, иллюстративті сурет
Жанып жатқан көлік, иллюстративті сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.02.2022
Жазылу
Көз жұмған балалардың ең кішісі небәрі бір жаста
НҰР-СҰЛТАН, 20 ақпан – Sputnik. Ақтөбе облысында жеңіл автокөлік пен жүк көлігі соқтығысып, салдарынан үш бала өртеніп кетті.
Өңірлік полиция департаментінің ақпаратынша, жантүршігерлік жол апаты 19 ақпан 16.00 шамасында "Оңтүстік айналма жол" автожолында болды.
"Лада ларгус" маркалы көлік жүргізушісі басып озу үшін қарсы бетке шығып, фурамен соқтығысқан. Содан кейін жеңіл көлік жыраға құлап, жанып кеткен.
Салдарынан "Лада ларгус" жүргізушісі түрлі жарақатпен Ақтөбе қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Ал оның 2007, 2009 және 2021 жылғы үш баласы көлік салонында өртеніп кетті.
Рука ребенка в дверном отверстии - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.06.2021
Өңірлер
Ақтөбе облысында көлік ішінде ойнаған балалардың екеуі де қайтыс болды
Ақтөбе полициясы жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді.
Жаңалықтар
0