Оқиға

Алматы орталығында қару-жарақ сақталған орын табылды

Бұл қарулардың қылмыстарға қатысы бар-жоғы сараптамалық зерттеу нәтижесінде белгілі болады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан — Sputnik. Алматының орталығында қару-жарақ сақталған орын табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел арналар арқылы келіп түскен ақпаратты Алматы қаласы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті және Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тексерген.
Оружие, изъятое из тайника в Алматы
"Барлығы 4 атыс қаруы табылды. Атап айтқанда, “Beretta Xtreme”, “Tikka T3x”, “Gamo FS 10x igt”, “S ako TRG”. Тәркіленген қару жайлы ақпаратты сот-баллистикалық сараптама арқылы анықталады", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, бұл қарулардың қылмыстарға қатысының бар-жоғы сараптамалық зерттеу нәтижесінде белгілі болады.
Осыдан бір апта бұрын полицейлер "Медеуге" барар жолда орман белдеуінде қару-жарақ пен гранаталар сақталған орынды тапқан болатын.
Тәртіп сақшылары қарулар сақталған орындар туралы ақпаратты қаңтарда Алматыда болған жаппай тәртіпсіздікке қатысқандардан білді.