Оқиға

Алматы орталығында қару-жарақ сақталған орын табылды

© Photo : Ссайт Polisia.kzТайник с оружием обнаружен в центре Алматы
Тайник с оружием обнаружен в центре Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.02.2022
Жазылу
Бұл қарулардың қылмыстарға қатысы бар-жоғы сараптамалық зерттеу нәтижесінде белгілі болады
НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан — Sputnik. Алматының орталығында қару-жарақ сақталған орын табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел арналар арқылы келіп түскен ақпаратты Алматы қаласы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті және Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тексерген.
© Photo : Сайт Polisia.kzОружие, изъятое из тайника в Алматы
Оружие, изъятое из тайника в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.02.2022
Оружие, изъятое из тайника в Алматы
"Барлығы 4 атыс қаруы табылды. Атап айтқанда, “Beretta Xtreme”, “Tikka T3x”, “Gamo FS 10x igt”, “S ako TRG”. Тәркіленген қару жайлы ақпаратты сот-баллистикалық сараптама арқылы анықталады", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, бұл қарулардың қылмыстарға қатысының бар-жоғы сараптамалық зерттеу нәтижесінде белгілі болады.
Осыдан бір апта бұрын полицейлер "Медеуге" барар жолда орман белдеуінде қару-жарақ пен гранаталар сақталған орынды тапқан болатын.
Тәртіп сақшылары қарулар сақталған орындар туралы ақпаратты қаңтарда Алматыда болған жаппай тәртіпсіздікке қатысқандардан білді.
Жаңалықтар
0