НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан - Sputnik. Судағы оттегінің жетіспеушілігі Қызылорда облысында орналасқан су арнасындағы балықтардың жаппай қырылуына себеп болды.
Оқиға орнына арнайы құрылған жедел топ барды
© Photo
Бұған дейін 18 ақпанда жергілікті Сағынбай каналында жас балықтардың жаппай қырылғаны белгілі болды. Оқиға орнына арнайы құрылған жедел топ жетті.
Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Жанқожа Сапаровтың айтуынша, су арнасының ұзындығы 1,2 шақырым, ені 16 метр, орташа тереңдігі екі жарым метрді құрайды.
Мұзда бірнеше саңылау жасалған. Содан кейін торта балық, ақтабан және ақбалық сынды балық түрлері табылған. Сонымен қатар, судағы оттегі мөлшері 3,5 мг/дм³ құрайтыны белгілі болды.
"Мамандардың алдын ала қорытындысына сәйкес, судағы оттегінің деңгейі балықтар үшін қолайсыз", - деді Сапаров баспасөз конференциясында.
Балық пен суды зерттеу жалғасып жатыр. Қосымша ақпарат кейінірек хабарланады.
Қазір жергілікті билік балықтарды оттегімен қамтамасыз ету үшін мұзда ойық жасап жатыр.
Балық пен суды зерттеу жалғасып жатыр
© Photo