Оқиға

Қызылорда облысында балықтың жаппай қырылу себебі анықталды - фото

© PhotoБалық қырылып жатыр
Балық қырылып жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.02.2022
Жазылу
Балықты құтқару үшін мамандар мұзды ойып жатыр - оттегі балықтардың жаппай қырылуының алдын алады
НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан - Sputnik. Судағы оттегінің жетіспеушілігі Қызылорда облысында орналасқан су арнасындағы балықтардың жаппай қырылуына себеп болды.
© PhotoОқиға орнына арнайы құрылған жедел топ барды
Гибель рыб в Кызылординской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.02.2022
Оқиға орнына арнайы құрылған жедел топ барды
Бұған дейін 18 ақпанда жергілікті Сағынбай каналында жас балықтардың жаппай қырылғаны белгілі болды. Оқиға орнына арнайы құрылған жедел топ жетті.
Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Жанқожа Сапаровтың айтуынша, су арнасының ұзындығы 1,2 шақырым, ені 16 метр, орташа тереңдігі екі жарым метрді құрайды.
Мұзда бірнеше саңылау жасалған. Содан кейін торта балық, ақтабан және ақбалық сынды балық түрлері табылған. Сонымен қатар, судағы оттегі мөлшері 3,5 мг/дм³ құрайтыны белгілі болды.

"Мамандардың алдын ала қорытындысына сәйкес, судағы оттегінің деңгейі балықтар үшін қолайсыз", - деді Сапаров баспасөз конференциясында.

Балық пен суды зерттеу жалғасып жатыр. Қосымша ақпарат кейінірек хабарланады.
Қазір жергілікті билік балықтарды оттегімен қамтамасыз ету үшін мұзда ойық жасап жатыр.
© PhotoБалық пен суды зерттеу жалғасып жатыр
Гибель рыб в Кызылординской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.02.2022
Балық пен суды зерттеу жалғасып жатыр
Жаңалықтар
0