Қаңтар оқиғасы

Қаңтардағы бүлік: қылмыскерлер сегіз пойызды тоқтатқан

Олар сырттан қосымша күштердің келуіне жол бермеу үшін теміржолдарды жапқан
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан – Sputnik. Бас прокуратураның 1-ші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов өңірлерде болған бүліктің мән-жайын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қудалау органдары күнде болған оқиғалардың көріністерін анықтап жатыр. Бүгінде азаматтардың бастапқыда бейбіт митингке барғаны, содан кейін бұл бастамаға қылмыстық және деструктивті күштер қосылып, қирату мен тәртіпсіздіктер ұйымдастырған. Мемлекеттік билікті басып алу мақсатында терроризм актілерін жасағанын көріп отырмыз", - деді Қилымжанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
Оның айтуынша, қылмыскерлер бірнеше аймақта мемлекеттік органдарға арнайы шабуыл жасады. Сосын құқық қорғау органдарының қосымша күштерінің келуіне жол бермеу үшін бірнеше аймақта тәртіпсіздік ұйымдастырды.
"Оған Атырау облысындағы жағдай мысал бола алады. Қылмыскерлер сырттан қауіпсіздік күштері келеді деп теміржолдарды жауып, үш жолаушылар мен бес жүк пойызының қозғалысын тоқтатты. Ары қарай полиция мен ұлттық ұлан сарбаздарына шабуыл жасап, ғимараттарды қиратып, өрт шығарды. Қарусыз 18 жастағы жедел қызмет солдатын орталық көпірден лақтырып жіберуге дейін барған. Ол ғажап түрде тірі қалды", - деп атап көрсетті Қилымжанов.
Бас прокуратураның мәліметіне сәйкес, қазіргі кезде терроризм актілері бойынша 46, жапай тәртіпсіздіктер бойынша 45 қылмыстық іс қозғалды. Тергеу аясында соттың санкциясымен 469 адам қамауға алынды.
Қоғам
Бас прокуратура мәйітханадан серіктесінің денесін ұрлаған ер адам туралы айтты