https://sputnik.kz/20220221/qantar-bulik-qylmyskerler-poyyz-22961701.html
Қаңтардағы бүлік: қылмыскерлер сегіз пойызды тоқтатқан
Қаңтардағы бүлік: қылмыскерлер сегіз пойызды тоқтатқан
Sputnik Қазақстан
Олар сырттан қосымша күштердің келуіне жол бермеу үшін теміржолдарды жапқан 21.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-21T13:47+0500
2022-02-21T13:47+0500
2022-05-23T15:56+0500
пойыз
атырау облысы
қаңтар оқиғасы
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/1a/18768628_0:181:1000:744_1920x0_80_0_0_55d437edb9d2fc0ce9f2f701ead9bda1.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан – Sputnik. Бас прокуратураның 1-ші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов өңірлерде болған бүліктің мән-жайын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі."Қудалау органдары күнде болған оқиғалардың көріністерін анықтап жатыр. Бүгінде азаматтардың бастапқыда бейбіт митингке барғаны, содан кейін бұл бастамаға қылмыстық және деструктивті күштер қосылып, қирату мен тәртіпсіздіктер ұйымдастырған. Мемлекеттік билікті басып алу мақсатында терроризм актілерін жасағанын көріп отырмыз", - деді Қилымжанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.Оның айтуынша, қылмыскерлер бірнеше аймақта мемлекеттік органдарға арнайы шабуыл жасады. Сосын құқық қорғау органдарының қосымша күштерінің келуіне жол бермеу үшін бірнеше аймақта тәртіпсіздік ұйымдастырды."Оған Атырау облысындағы жағдай мысал бола алады. Қылмыскерлер сырттан қауіпсіздік күштері келеді деп теміржолдарды жауып, үш жолаушылар мен бес жүк пойызының қозғалысын тоқтатты. Ары қарай полиция мен ұлттық ұлан сарбаздарына шабуыл жасап, ғимараттарды қиратып, өрт шығарды. Қарусыз 18 жастағы жедел қызмет солдатын орталық көпірден лақтырып жіберуге дейін барған. Ол ғажап түрде тірі қалды", - деп атап көрсетті Қилымжанов.Бас прокуратураның мәліметіне сәйкес, қазіргі кезде терроризм актілері бойынша 46, жапай тәртіпсіздіктер бойынша 45 қылмыстық іс қозғалды. Тергеу аясында соттың санкциясымен 469 адам қамауға алынды.
https://sputnik.kz/20220221/qantar-oqigasy-mayitkhana-kudik-22960370.html
атырау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/1a/18768628_0:18:1000:768_1920x0_80_0_0_a159b226d713053396e1814ec348ee87.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
пойыз, атырау облысы
Қаңтардағы бүлік: қылмыскерлер сегіз пойызды тоқтатқан
13:47 21.02.2022 (жаңартылды: 15:56 23.05.2022) Олар сырттан қосымша күштердің келуіне жол бермеу үшін теміржолдарды жапқан
НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан – Sputnik. Бас прокуратураның 1-ші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов өңірлерде болған бүліктің мән-жайын айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қудалау органдары күнде болған оқиғалардың көріністерін анықтап жатыр. Бүгінде азаматтардың бастапқыда бейбіт митингке барғаны, содан кейін бұл бастамаға қылмыстық және деструктивті күштер қосылып, қирату мен тәртіпсіздіктер ұйымдастырған. Мемлекеттік билікті басып алу мақсатында терроризм актілерін жасағанын көріп отырмыз", - деді Қилымжанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
Оның айтуынша, қылмыскерлер бірнеше аймақта мемлекеттік органдарға арнайы шабуыл жасады. Сосын құқық қорғау органдарының қосымша күштерінің келуіне жол бермеу үшін бірнеше аймақта тәртіпсіздік ұйымдастырды.
"Оған Атырау облысындағы жағдай мысал бола алады. Қылмыскерлер сырттан қауіпсіздік күштері келеді деп теміржолдарды жауып, үш жолаушылар мен бес жүк пойызының қозғалысын тоқтатты. Ары қарай полиция мен ұлттық ұлан сарбаздарына шабуыл жасап, ғимараттарды қиратып, өрт шығарды. Қарусыз 18 жастағы жедел қызмет солдатын орталық көпірден лақтырып жіберуге дейін барған. Ол ғажап түрде тірі қалды", - деп атап көрсетті Қилымжанов.
Бас прокуратураның мәліметіне сәйкес, қазіргі кезде терроризм актілері бойынша 46, жапай тәртіпсіздіктер бойынша 45 қылмыстық іс қозғалды. Тергеу аясында соттың санкциясымен 469 адам қамауға алынды.