Қоғам

Қазақстанда халықаралық такси қызметінің бірі жұмысын тоқтатады

Компания 2012 жылдан бастап жұмыс істейді. Қазақстанда шамамен бір жыл бұрын пайда болған еді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан – Sputnik. Он бес елде жұмыс істейтін DiDi қызметі 4 наурыздан бастап Қазақстан мен Ресейде жұмысын тоқтатады.
"Біз өз миссиямыз - жолаушылар мен серіктестеріміздің күнделікті өмірін ыңғайлы етіп, ең жақсы қызмет ұсыну деп есептейміз. Өкініштісі, біз мұны Қазақстанда бұдан былай жалғастыра алмаймыз. Мұнда DiDi 2022 жылдың 4 наурызынан бастап жұмысын тоқтатады", - делінген компанияның ресми мәлімдемесінде.
Олар іске қосылған сәттен бастап өздерін қолдаған барлық жүргізуші мен жолаушыға алғыс білдірді.

"4 наурызға дейін әдеттегідей DiDi қызметіне жүгіне аласыз", - деп толықтырды компания.

2021 жылдың желтоқсанында Uber Қытайдағы "ашық емес нарық" салдарынан DiDi-дегі үлесін сататыны туралы хабарлады. Компанияға 12,8%-і тиесілі.
DiDi - такси, каршеринг және райдшеринг қызметтерін ұсынатын Қытай конгломераты.
Компания 2012 жылдан бастап жұмыс істейді. Қазақстанда шамамен бір жыл бұрын пайда болған еді.
Оқиға
Таксиде танысқан: полиция Көкшетауда болған жағдайға қатысты ақпарат берді