Өңірлер

Қостанай облысында жеңіл көлік пойызбен соқтығысты

Салдарынан екі адам зардап шекті, олар жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 20 ақпан – Sputnik. Қостанай облысында Пешковка ауылынан бес шақырым жерде Volvo автокөлігі пойызбен соқтығысты.
Полицияның кезекші бөліміне хабар 20 ақпан 06.20-да түсті.
"Оқиға орнына жеткен полицейлер Volvo автокөлігінің 45 жастағы жүргізушісі бағдаршамның тыйым салынған шамын елемей, пойызбен соқтығысқанын анықтады", - деп мәлімдеді полиция департаменті.
Жол апаты салдарынан Volvo жүргізушісі мен жолаушысы түрлі жарақат алып, Федоров аудандық ауруханасына жеткізілді.
Оқиға
Сүйіктісіне өшіккен ер адам пойызға "бомба қойған"