Оқиға

Сүйіктісіне өшіккен ер адам пойызға "бомба қойған"

© Sputnik / Тимур БатыршинПассажирский поезд
Пассажирский поезд - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2021
Жазылу
Есіл станциясы келген жолаушылар пойызын шұғыл тексеруге тура келді. Полицияға жарылғыш қойылғаны туралы ақпарат түсті

НҰР-СҰЛТАН, 5 қараша – Sputnik. Жанжалдан кейін үйден кетіп қалған әйелін тоқтау үшін ер адам "Қостанай-Алматы" бағытындағы пойызға жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама қалдырған.

5 қарашада сағат 00:33-де Есіл станциясы келген жолаушылар пойызын шұғыл тексеруге тура келді. Полицияға жарылғыш зат салынғанын туралы ақпарат түсті, деп хабарлайды Қостанай жаңалықтары порталы.

Түнгі уақытта 19 вагонның жолаушылары далаға шығарылды. Ал тәртіп сақшылары пойызды толықтай тексеріп шықты. Әсіресе кішкентай ұлы бар келіншек отырған жерге жан-жақты тінту жасалды. Ол Қостанайға бара жатқан. Тексеріс кезінде жарылғыш зат анықталған жоқ.

"Жолаушы әйелден жауап алынды. Ол осы әрекетке бірге тұратын 22 жастағы ер адам бару мүмкін екенін айтты. Жолға шығардың алдында екеуі ұрсысып қалған", - дейді полицейлер.

Келіншек онымен не туралы хат жазысқанын да көрсетті. Ер адам ұлымен бірге кетіп қалған сүйіктісін қорқытып, пойызды тоқтатуға дейін баратынын жазған.

Полицейлер жарылғыш зат туралы хабар берген адамның нөмірін де бірден анықтаған.

Осы фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 273-бабы (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол бап бойынша терроризм актiсi туралы жалған хабар бергені үшін бес мың айлық көрсеткіш (14 585 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе 5 жылға дейінгі мерзімде бас бостандығын шектеуге, я болмаса, сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Оқи отырыңыз:

 

Жаңалықтар
0