Қаңтар оқиғасы

Бүлікшілер қолынан зардап шеккен полицей: мойнымнан темірмен ұрды – видео

Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде көптеген полицей мен әскери қызметші ауыр жарақат алды, кейбірі қаза тапты
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 20 ақпан – Sputnik. Алматы қаласы Әуезов ауданы полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы Ғазиз Нұрғалымов қаңтар оқиғасы кезінде қалай зардап шеккенін айтты.
Нұрғалымов ішкі істер органдарында 2014 жылдан бері жұмыс істейді. Тәртіпсіздік кезінде соққыға жығылған полиция аға лейтенанты қазір қалалық ауруханалардың бірінде емделіп жатыр,
Айтуынша, бүлікшілер оны мойнынан темірмен ұрған.
Бала кезден полицей болуды армандаған Ғазиз әрдайым азаматтардың қауіпсіздігі үшін қызмет етуге дайын.
"Ауруханадан аман-есен шықсам, қызметімді жалғастырамын", – дейді ол.
Қаңтар оқиғасы кезінде барлығы 3037 полиция қызметкері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшісі түрлі жарақат алды. Қазіргі таңда ауыр жараланған 107 қызметкер емделіп жатыр.
Тәртіпсіздік салдарынан ішкі істер органдарының 8 қызметкері қаза болды. деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаңтар оқиғасы
Қаңтар оқиғасы: 300-ге жуық әскери қызметкер мен полицей қызметін жалғастыра алмайды