Әлем

Донбастағы қақтығыс: екі бейбіт тұрғын көз жұмды

Тұрғындар Ресейге эвакуацияланып жатыр
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 20 ақпан – Sputnik. Луганск халық республикасында украиндық қарулы күштердің шабуылы кезінде Пионерск елдімекенінде екі бейбіт тұрғын көз жұмды, деп хабарлады ЛХР халық милициясы.
Жексенбі күні таңертең украиндік қарулы күштер Северский Донец өзенін қоршауға алып, Пионерское елдімекені жанында милицияға шабуыл жасады.
"Екі бейбіт тұрғын көз жұмып, бес үй қирады", - деп хабарлады РИА Новости.
Бұған дейін Луганск пен Донецк тұрғындары Ресейдің Ростов облысына эвакуацияланып жатқаны туралы хабарланған. Ең алдымен қарттар, балалар мен әйелдерді эвакуациялау жүргізіліп жатыр.
Әлем
Луганск пен Донецкте оқ атылып, адамдар эвакуацияланды