https://sputnik.kz/20220219/lugansk-donetsk-zharylys-22924875.html
Луганск пен Донецкте оқ атылып, адамдар эвакуацияланды
Луганск пен Донецкте оқ атылып, адамдар эвакуацияланды
Sputnik Қазақстан
Бұған дейін Донецк және Луганск халық республикаларының билігі шабуылдаушыларға қарсы оқ ататындарын хабарлаған болатын 19.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-19T10:22+0500
2022-02-19T10:22+0500
2022-02-19T10:22+0500
әлем
украина
жарылыс
https://sputnik.kz/img/07e6/02/12/22921860_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_fab5d91780863b81eea18481aa461332.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 19 ақпан – Sputnik. 18 қаңтарда Донецк халық республикасының үкімет үйі жанында жарылыс болды.Бұған дейін Донецк және Луганск халық республикаларының билігі шабуылдаушыларға қарсы оқ ататындарын хабарлаған болатын. Сонымен қатар жергілікті тұрғындарды эвакуациялау туралы шешім қабылданды. Донецк ауданының тұрғындары Ресейдің Ростов облысына эвакуацияланды. Кейін өзге облыстар да босқындарды қабылдауға дайын екенін хабарлады, деп жазды РИА Новости."Донецк пен Луганск халық республикаларында орыс ұлтының өкілдері көп. Олар өз отандарына шұғыл түрде оралуға мәжбүр. Қазір ең бастысы бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Біздің президент бұл елдің босқындарына қолдау көрсетілетінін айтты", - деді Архангельск облысының губернаторы Александр Цыбульский.Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, тұрғындар шекараны қоғамдық және жеке көлігімен кесіп өте алады. 19 ақпанда теміржол қатынасын іске қосу жоспарланып отыр. 25 мыңға жуық Луганск тұрғыны шекарадан өтіп үлгерді.Жергілікті билік 18-інен 19-на қараған түні Украина тарапынан оқ жаудырылғанын мәлімдеді. Кейбір мәліметтер бойынша, украиналық қарулы күштер Васильевка, Докучаевск, Первомайск, Металлист, Славяносербск, Зайцево елдімекендеріне оқ жаудырған.Түнде Луганскте қатты жарылыс болды. Кейін бұл "Луганскгаздың" құбыры екені анықталды. Кәсіпорын басшысы мұны диверсия деп атады.
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/12/22921860_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_6098842040395d236a31bdf7ff36c26b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина, жарылыс
Луганск пен Донецкте оқ атылып, адамдар эвакуацияланды
Бұған дейін Донецк және Луганск халық республикаларының билігі шабуылдаушыларға қарсы оқ ататындарын хабарлаған болатын
НҰР-СҰЛТАН, 19 ақпан – Sputnik. 18 қаңтарда Донецк халық республикасының үкімет үйі жанында жарылыс болды.
Бұған дейін Донецк және Луганск халық республикаларының билігі шабуылдаушыларға қарсы оқ ататындарын хабарлаған болатын.
Сонымен қатар жергілікті тұрғындарды эвакуациялау туралы шешім қабылданды. Донецк ауданының тұрғындары Ресейдің Ростов облысына эвакуацияланды. Кейін өзге облыстар да босқындарды қабылдауға дайын екенін хабарлады, деп жазды
РИА Новости.
"Донецк пен Луганск халық республикаларында орыс ұлтының өкілдері көп. Олар өз отандарына шұғыл түрде оралуға мәжбүр. Қазір ең бастысы бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Біздің президент бұл елдің босқындарына қолдау көрсетілетінін айтты", - деді Архангельск облысының губернаторы Александр Цыбульский.
Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, тұрғындар шекараны қоғамдық және жеке көлігімен кесіп өте алады. 19 ақпанда теміржол қатынасын іске қосу жоспарланып отыр. 25 мыңға жуық Луганск тұрғыны шекарадан өтіп үлгерді.
Жергілікті билік 18-інен 19-на қараған түні Украина тарапынан оқ жаудырылғанын мәлімдеді. Кейбір мәліметтер бойынша, украиналық қарулы күштер Васильевка, Докучаевск, Первомайск, Металлист, Славяносербск, Зайцево елдімекендеріне оқ жаудырған.
Түнде Луганскте қатты жарылыс болды. Кейін бұл "Луганскгаздың" құбыры екені анықталды. Кәсіпорын басшысы мұны диверсия деп атады.