Спорт

Қазақстандық актер салмақ өлшеу кезінде өзбек қарсыласымен төбелесіп қалды – видео

Төбелесті бірінші болып өзбек спортшысы бастады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 19 ақпан – Sputnik. Өзбекстанның Ташкент қаласында Octagon турнирінің салмақ өлшеу рәсімі өтті. Оған қазақстандық Еркебұлан Тоқтар мен өзбек Абдул-Азиз Сотволдиев қатысты, деп хабарлайды Sports.kz.
Отандасымыз өзбек палуаны Абдул-Азиз Сотволдиевпен кездеседі.
Салмақ өлшеу кезінде спортшылар арасында жанжал шықты. Сотволдиев Тоқтарды кеудесінен итеріп жіберді, қазақстандық оны аяқпен тепті. Осыдан кейін файтерлер төбелесіп, ұйымдастырушыларға оларды ажыратуға тура келді.
Айта кетері, Еркебұлан Тоқтар – актер. Кәсіби ММА-да үш жекпе-жек өткізген, бір рет жеңіліп, екі мәрте жеңіске жетті.
Спорт
ММА турнирінің басты жекпе-жегінде екі қазақ спортшысы кім мықтыны анықтады – видео