Спорт

ММА турнирінің басты жекпе-жегінде екі қазақ спортшысы кім мықтыны анықтады – видео

CC0 / Mirko Zax / Поединок бойцов MMA, иллюстративное фото
Поединок бойцов MMA, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.12.2021
Жазылу
НовостиTelegram
Екі қазақстандық файтер жеңіл салмақта NFC чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізді
НҰР-СҰЛТАН, 30 желтоқсан – Sputnik. 29 желтоқсанда Алматыда аралас жекпе-жектен Naiza Fighting Championship 36 турнирі өтті. Кештің басты жекпе-жегі қазақстандық файтерлер Ильдар Құдайбергенов пен Серікбай Қожабаев арасында өтті.
Ильдар Құдайбергенов жеңіске жетті, видео аралас жекпе-жек өнеріне арналған Instagram-пабликте жарияланды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Official | MMA Fighters KZ 🇰🇿 (@mma_f1ghters_kz)

Бұл жекпе-жекте Құдайбергеновке тиесілі жеңіл салмақтағы NFC титулы бәске тігілді. Жекпе-жек бес раундқа созылып, Құдайбергеновтің жеңісімен аяқталды. Төрешілер бірауыздан шешім шығарды.
Осылайша, бұл Құдайбергеновтің карьерасындағы бесінші жеңісі болса, оның қарсыласы Серікбай Қожабаев ММА-де алтыншы рет жеңіліске ұшырады.  
Жаңалықтар
0