НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан – Sputnik. Елордада бүгін, 18 ақпан таңертең келеңсіз оқиға болды. Қалалық автобустардың бірінде жолаушы жүргізушімен жанжалдасып, есікті сындырды.
Елордалық бағдарларға қызмет көрсететін CTS баспасөз қызметінің нұсқасы бойынша, жолаушы ашуға булығып, автобустың есігін қиратқан.
Жүргізуші таңертең №35 автобустың кіретін есігі бұғатталып қалғанын мәлімдеді, деді CTS-тегілер Sputnik Қазақстан тілшісіне.
Бұл жол бойы жолаушыларға қолайсыздық тудырған. Жүргізуші жолаушыларды жақын маңдағы аялдамаға түсіріп, келесі автобусты күтуге кеңес берген. Сол сәтте жолаушылардың бірі ашуланып, автобустың есігін сындырған. Жүргізуші полиция шақырды, ал жігіт қашып кеткен.
Ал жолаушылардың бұл жәйтқа қатысты өз нұсқасы бар. Олардың айтуынша, қоғамдық көліктің баяу жүргені соншалық басқа төрт автобус оны басып озған. Адамдар наразылық білдіріп, жұрт кептеліп қалған. Ақыр соңында автобустың есігі мен терезесін сындырған.
Есікті сындырған жігіт ізін жасырды, деп атап өтті CTS. Жүргізуші оның соңынан жүгірген жоқ, өйткені автобусты тастауға болмайды.
Оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр.