https://sputnik.kz/20220215/petropavlda-zeynetker-avtobusta-ush-zhasar-nemeresin-umytyp-ketti-22799752.html
Петропавлда зейнеткер автобуста үш жасар немересін ұмытып кетті
Петропавлда зейнеткер автобуста үш жасар немересін ұмытып кетті
Sputnik Қазақстан
Жолда зейнеткердің жағдайы нашарлаған. Үйіне қалай жеткенін білмейді 15.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-15T11:36+0500
2022-02-15T11:36+0500
2022-02-15T11:38+0500
өңірлер
зейнеткер
бала
https://sputnik.kz/img/07e6/02/0f/22799004_282:55:937:423_1920x0_80_0_0_cd1fd64d32fe91223a0fda98806a8025.jpg
АЛМАТЫ, 15 ақпан – Sputnik. Петропавлда үш жасар қыз жоғалып кетті. Баланы ертіп жүрген әжесі қыздың қайда екенін түсіндіре алмаған, деп хабарлайды Polisia.kz.Қызды қоғамдық көліктің жүргізушісі соңғы аялдамаға келгенде байқаған. Содан кейін оны полицияның стационарлық пунктіне алып келген. Табылған қыз туралы ақпаратты полицияның учаскелік инспекторы Жанбота Қайыркенов Петропавл полициясының жедел басқару орталығына жеткізді."102" нөміріне ешкім хабарласпағандықтан, қыз Петропавлдағы полиция бөлімшесінде бір сағаттан артық уақыт болды. Оған ювеналды полиция инспекторы Виолетта Моисеева келді.Артынша қыздың автобуста әжесімен бірге келе жатқанда ұйықтап қалғаны белгілі болды. Жолда зейнеткердің жағдайы нашарлаған. Өзі үйіне қалай жеткенін білмейді.Қыздың анасы баланың жоғалып кеткенін білгеннен кейін іздей бастаған. Жақын маңдағы полиция бөлімшесіне хабарлаған, ондағылар бала қаланың екінші шетіндегі полиция модулінде екенін айтқан. Фотодан анасы қызын таныды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/0f/22799004_274:48:931:541_1920x0_80_0_0_42dccb1f914153e4dbb8b0ea71fa909b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зейнеткер, бала
Петропавлда зейнеткер автобуста үш жасар немересін ұмытып кетті
11:36 15.02.2022 (жаңартылды: 11:38 15.02.2022) Жолда зейнеткердің жағдайы нашарлаған. Үйіне қалай жеткенін білмейді
АЛМАТЫ, 15 ақпан – Sputnik. Петропавлда үш жасар қыз жоғалып кетті. Баланы ертіп жүрген әжесі қыздың қайда екенін түсіндіре алмаған, деп хабарлайды
Polisia.kz. Қызды қоғамдық көліктің жүргізушісі соңғы аялдамаға келгенде байқаған. Содан кейін оны полицияның стационарлық пунктіне алып келген. Табылған қыз туралы ақпаратты полицияның учаскелік инспекторы Жанбота Қайыркенов Петропавл полициясының жедел басқару орталығына жеткізді.
"Оны көтеріп едім, бірден жылауын тоқатты. Тәтті сатып әпердік. Бала анасының атынан басқа ештеңе айта алмады", - деді учаскелік инспектор.
"102" нөміріне ешкім хабарласпағандықтан, қыз Петропавлдағы полиция бөлімшесінде бір сағаттан артық уақыт болды. Оған ювеналды полиция инспекторы Виолетта Моисеева келді.
Артынша қыздың автобуста әжесімен бірге келе жатқанда ұйықтап қалғаны белгілі болды. Жолда зейнеткердің жағдайы нашарлаған. Өзі үйіне қалай жеткенін білмейді.
Қыздың анасы баланың жоғалып кеткенін білгеннен кейін іздей бастаған. Жақын маңдағы полиция бөлімшесіне хабарлаған, ондағылар бала қаланың екінші шетіндегі полиция модулінде екенін айтқан. Фотодан анасы қызын таныды.